Ербол Ипбергенов: Басым бағыттарды айқындады

Облыстық «Qostanaı» телеарнасының директоры Ербол Ипбергенов Мемлекет басшысының жаңа Жолдауы саясаттың әлеуметтік бағытқа бет бұрғанын көрсететіндігін айтты. Сондай-ақ, ол биылғы Жолдауда білім саласына басымдық берілгеніне тоқталды.
IMG-20181005-WA0034
— Елбасы жастардың мәселесін ешуақытта назарынан тыс қалдырған емес. Осы Жолдауда, ең алдымен, барлық санаттағы жастардың мүддесіне сай мемлекеттік деңгейде атқарылатын әлеуметтік іс-шаралар кешенінің ұсынылуы, жас отбасыларды үймен қамтамасыз етуді жетілдіру тетіктерін іске қосу және  жастарға арналған денешынықтыру-сауықтыру кешендерін салуды күшейту мәселелері қадап айтылғаны ерекше қуантты. Президент балалар қауіпсіздігі, мектептер мен балабақшаларды бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етуді, мектеп психологтарының жұмысын күшейтуді тапсырды. Мұның өзі білім саласына деген көзқарастың артқанын айғақтайды, — деді телеарна басшысы.
c5ed6242172d787f5352cb89fbfa473f-460x260
Ербол Ипбергенов айтқандай, Елбасы педагогтардың мәртебесі туралы заңға бекер екпін қойған жоқ.
— Расында соңғы жылдары мұғалімдердің мәртебесі туралы жер-жерде әңгімелер тарады. Сонымен қатар, қай уақытта болсын, ұстаздардың мәртебесі биік болған. Президент дер кезінде шешім қабылдады деп ойлаймын. Бұған қоса мектептегі білім беру саласындағы аяғы жоқ реформаларды қысқарту мәселесін қолдаймын, — дейді Ербол Қуанышұлы.
Айта кетсек, Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын жеткізді. Стратегиялық құжат еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналған.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓