Жас маманға – баспана!

Қостанайдағы «Алтын арман» ықшамауданында «7-20-25» жаңа бағдарламасы бойынша салынған көппәтерлі тұрғын үйлер пайдалануға берілді. «Президентінің бес әлеуметтік бастамасын" іске асыру мақсатында іргетасы қаланған баспаналардың сырты – сәнді, іші – кірсең шыққысыз. Сәрсенбі күні Қостанай облысына арнайы іссапармен келген «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев жаңа қоныс иелерін құттықтап, баспана кілттерін табыс етті. DSC_0342Келбеті келіскен көпқабатты үйлерді жергілікті «БК-строй» компаниясы салыпты. Жаңа бағдарлама бойынша ипотекалық несиелерді «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы берген. Сәрсенбінің сәтті күнінде қуанышқа кенелген қостанайлықтарды «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары М.Әшімбаев пен облыс әкімі А.Мұхамбетов құттықтай барды. DSC_0340
— Президенттің бес әлеуметтік бастамасы — халықтың әл-ауқатын әрі қарай арттыруға арналған үлкен бағдарлама. Бүгінде осы бағдарлама еліміздің барлық өңірлерінде, облыстарында нәтижелі жүзеге асырылып жатыр. Қостанай облысында да жалғасын тауып, халық тұрғын үй мәселесін шешуге арналған жаңа бағдарламаның жақсылығын көруде. Еліміздегі ең үлкен әлеуметтік мәселелердің бірі – ол, әрине, баспанамен қамтамасыз ету. Егер де адамда баспанасы болмаса, ондай отбасының жағдайы болмайтыны түсінікті. Бұл салада көптеген жұмыстар жасалса да, Елбасы баспанамен қамтуға басымдық беріп, «7-20-25» жаңа бағдарламасын жария еткен болатын. Астықты аймақтың басшысы Архимед Бегежанұлының тікелей бастамасымен, қатысуымен Қостанай қаласында тамаша ықшамаудан салынып жатыр екен. Құрылыс компанияларының еңбегі орасан зор. Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! Іші қуанышқа, бақытқа толсын!,-деді Мәулен Әшімбаев.DSC_0355
DSC_0359Бұл күні баспанаға ие болған азаматтардың дені жас мамандар. Олар «7-20-25» бағдарламасының жастар үшін өте тиімді екенін айтты. DSC_0382
DSC_0399
DSC_0402-Наурыз айының соңында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуі шыққанда біздің отбасымызда пәтер мәселесі шешілді деп ойладым. «7-20-25» бағдарламасының арқасында, жас маман ретінде өмірімдегі алғашқы пәтерге ие болып отырмын. Ипотекалық несиені «Банк ЦентрКредит» банкі арқылы рәсемдедім. Бұл бағдарлама жас мамандарға өте тиімді. Себебі, аз мөлшерде ақша жинау арқылы баспана алуға мүмкіндік береді. Ай сайынғы төлемі де қалтаға салмақ салмайды, бағасы қолжетімді,-деді жас маман Әсемгүл Мамытова. 
 
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓