Рудныйда жүгіру фестивалі өтті

Еуразиялық Топ өзінің туған қалалары – Рудный, Хромтау мен Ақсуда алғашқы жүгіру фестивалін өткізді. «ERG Run Fest» ауқымды шарасын қатысушылар бір күні, әрі бір сәтте қатар бастады.6
Жексенбі күні ұйымдастырылған спорттық мерекеге жалпы саны 3 мыңнан астам адам қатысты. Оған тек ERG кәсіпорындарының қызметкерлері ғана емес, шара өтетін қалалардың тұрғындары мен кез келген қонағы тегін тіркеліп, қатысу мүмкіндігін алды.3
 
1– Еуразиялық Топ спортты белсенді дамытып, саламатты өмір салтын тек өз қызметкерлерімен шектелмей, өзінің туған қалаларының тұрғындары арасында да барынша кеңінен насихаттап келеді. Біз дамуға ұмтылған адамдарды ұдайы қолдаймыз. Біз ERG-дің кез келген қызметкері мен Топ кәсіпорындары орналасқан қалалардың кез келген тұрғынына спортты қолжетімді етуді мақсат еттік. Осылайша бұл жүгіру фестивалін Топтың елдегі бұқаралық спортты дамытуға бағытталған алғашқы қадамдарының бірі деуге болады, – дейді Еуразиялық Топ басқарма төрағасы Серік Шахажанов.
Жүгіру фестивалі үш қалада бір мезетте басталды. Ұйымдастырушылар 3, 5, 10 және 21 шақырым қашықтықтардан бөлек, балалар жарысын да өткізді.
Рудныйдағы «ERG Run Fest»-ке Қостанай облысының бірқатар аудан-қалаларынан бөлек Астана, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе мен Ресейден келген 1 200 адам қатысты. Ең егде тартқаны – Анатолий Кунщиков. Қазанның 28-і күні қазыналы қарт 79 жасқа толады.4
– Сексеннің сеңгіріне де жүгіріп шықсам деген мақсатым бар. Өйткені өмірімді спортсыз елестете алмаймын. Бүгінде жүгірістің кеңінен таралып, саламатты өмір салтын сақтауға ниетті отандастарымыздың саны артып келе жатқаны қуантады, – дейді ақсақал.
Айта кетейік, өткен жылдың қыркүйегінде «ССКӨБ» АҚ бірінші болып кеншілер қаласында марафон жарысын ұйымдастырған болатын. Ол кезде қатысушылар саны 900-ға жуықтады. Бүгін болса, игі шараны Топтың басқа да кәсіпорындары қолдап отыр.5
 
7Жүгіру фестивалінің қорытындысы бойынша барлық жүлдегерлерге естелік медальдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Ал спорт мерекесінің жабылу салтанатында ресейлік «Дискотека авария» тобы өнер көрсетіп, оның соңы отшашуға ұласты.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓