Алтайдың асыл жыршысы

Л.Н. Толстой атындағы ОӘҒК-ның қонақжайында «Алтайдың асыл жыршысы» атты танымал жазушы, журналист Оралхан Бөкейдің 75 жылдығына арналған прозалық кеш болып өтті. Атаулы кеш барысында ҚР Жазушылар Одағының мүшелері Нағашыбай Мұқатов және Ақылбек Шаяхмет сынды ақын, жазушылар Оралхан жайлы естеліктерімен бөлісіп,  шығармашылығының қаншалықты жоғары деңгейде екендігін алға тартты және жастарға әдебиет әлеміне жақын болуды үндеді.IMG_0047
IMG_0053Шара барысында «Ақ қауырсын» ақындар клубының жастары жазушыға және шығармашылығына арнау өлеңдерін оқыды. Өз кезегінде, кітапхана қызметкері Анар Базарбай жазушының шоқтығы биік прозалық туындысы «Апамның астауы» әңгімесінен үзінді оқыды. Кеш соңына қарай жазушының «Күлпәштің ұршығы» атты театрландырылған повесть туындысы сахналанды
            Әсел ҚИБАШ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓