Әлеуметтік жағдайы анықталады

Елімізде 2017 жылдан бастап енгізілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйеге байланысты облыста азаматтардың мәртебесін анықтау жұмыстары жүргізіп жатыр. Бұл туралы облыстық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы бастығының орынбасары Аида Құсайынова кезекті баспасөз мәслихатында баяндап берді.mp6YN4Qi
          Осыған сәйкес, өңірлерде аудан,ауыл әкімдіктері мен жұмыспен қамту қызметінің өкілдері, учаскелік инспекторлардан жқмысшы тобы жасақталған.
        -Біздің міндетіміз үй-үйді аралау арқылы азаматтардың мәртебесін нақтылау. Осы арқылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына қаржы аударуға қауқарсыз азаматтармен толыққанды жұмыс істейміз. Бүгінде облыста осындай 322 мың адам анықталды,-дейді А.Құсайынова.
         Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 285 мың адам мемлекеттік кіріс органдарына шағын кәсіпкерлік, нәтижелі жұмыспен қамту субьектісі ретінде тіркелді.
        -Енді 37 мың адам қалып отыр. Олардың 6,5-і жалдамалы жұмыста істейді. 16 мыңға жуығы өзін-өзі жұмыспен қамтиды. Ал 5,5 адам басқа елдерге қоныс аударған. Мұның сыртында 7 мың әйел өздерін үй шаруасынан артылмайтынын айтқан.  Қазір басқарма өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған 16 мың адаммен белсенді түрде жұмыс істеп жатыр. Оларды  жұмысқа орналастыру мақсатында тиісті мекемелерге хабарласу ұсынылды. Ал тек отбасылық шаруашылықпен айналысатын жандармен мемлекеттік кіріс органдары жұмыс істейді,-дейді басқарма бастығының орынбасары.
        Сондай-ақ, облыс бойынша 1400 адамның студенттік мәртебесі анықталған жоқ. Білім министрлігі тарапынан өазір тиісті жұмыстар атқарылып жатырған көрінеді.
        Облыста зейнетақы қорында ешбір салымы жоқ, жалдамалы жұмыс істейтін  6,5 мың адам бар дейді мамандар. Мұндай азаматтармен, еңбек ұжымдарымен  кездесулер өткізіліп, еңбек заңнамаларының нормалары түсіндіріледі. Еңбек инспекциясы осындай 27 мың жалдамалы жұмысшыға ескерту қағазын жіберді. Бұдан былай медициналық қызмет тек  сақтандырылған азаматтарға көрсетіледі. Халық осыны ұғынса дейді мамандар. Сондықтан, өңірлерде  ақпараттық-насихат жұмыстары жалғасатын болады.

Әлібек ЫБЫРАЙ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓