Мақсат – ұлт ұстазын ұлықтау

Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсаринның мемориалдық музейі биыл  Қазақстанның солтүстік аймақтарындағы музейлермен ынтымақтастық келсім-шарт жасасқан еді.  Меморандумдар аясында тың жұмыстар атқарылып, рухани-мәдени байланыс нығайды. Алға қойылған мақсаттар мен жұмыс жоспарлары қарқынды орындалып жатыр. Басты мақсат – қазақ халқының бір туар ұлы Ы.Алтынсариннің еңбектерін насихаттау. Маусым айында алғашқы іссапар Павлодар  қаласынан бастау алып,  «Ыбырай Алтынсарин  ұлы ағартушы-педагог» атты көрме көрестілді. Бұл өңірде зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары  ағартушының өмірі мен еңбегі туралы кең мағұлмат алды.  Ыбырай бабамыз жайында ерекше толғаныс-тебіреніспен  ыбырайтанушы, оны  мұрағаттардан жан-жақты зерттеп, насихатталуына үлкен жанашырлық жасап жүрген, Қостанай мемлекеттік университетінің оқытушысы философия ғылымдарының кандидаты, профессор Қалқаман Жақып  айтып берді. Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушылары филология ғылымдарының докторы С.Н. Сүтжанов және филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ә.Д. Дәміреновтың  жинақтауымен бес томдық «Ы.Алтынсарин-педагог, ағартушы», «Ы.Алтынсарин ғұмырнама», «Ы.Алтынсариннің көркем шығармаларындағы бейнесі», «Ы.Алтынсарин және қазақ жазба әдеби тілі», «Ы.Алтынсариннің қоғамдық-әлуметтік көзқарасы» атты кітаптары ұлы тұлғаның 175 жылдығына орай  шыққан болатын. Павлодар өңірінде осы кітаптар көпшілік оқырманның және  ұстаздар қауымы қолына жетіп, насихаттау аясы кеңейіп жатыр. IMG_0473
Музей басшылығының бастауымен, қызметкерлер тамыз айының ортасында  Астана қаласында орналасқан «Сирек кездесетін қолжазбалар мен кітаптар  ұлттық орталығы»  республикалық мемлекеттік мекемесінің экспозициялық залына Ы.Алтынсарин жайында баяндайтын мұрағаттардан алынған құжаттарды, фотосуреттерді  және  құңды жәдігерлерді апарып орналастырды. Көрменің ашылу салтанатына зиялы қауым өкілдері мен мәдениет саласының қызметкерлері қатысты. Көрме «Ұлы ағартушы педагог Ы. Алтынсарин» тақырыбымен  Астана тұрғындары мен қоңақтар үшін 1 ай  тұрады. Жаңа оқу жылының басында  Астана қаласындағы көрме оқушылар мен студенттер үшін «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбына ауыстырылып,  оларға  арнайы Ы.Алтынсаринның  педагогикалық қызметіне орай іс-шаралар, векториналық сұрақтар, сұхбаттар, кездесулер ұйымдастырылды.IMG_6234
 Осы қарқынмен  ағартушының мемориалдық музейі директоры Марғұлан Оспанов бастаған музей қызметкерлері қыркүйек айының 11-13 аралығында Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллиннің музейіне барып, «Кел, балалар оқылық!» атты көрменің жұмысын жалғастырды. Көрмеге ұлы ұстаздың педагогикалық қызметі мен өмірі жайында сыр шертетін жәдігерлер, фотосуреттер мен құжаттар қойылды.  Көкшедегі рухани шара М.Ғабдуллин ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен ашылды. P1790770Ақмола облысы мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Бекназарова Ыбырай музейіне ықылас хат тапсырды. М.Ғабдуллин музейінің директоры Құдайберлі Мырзабек бастаған Мәлік Ғабдуллин музейі ұжымы осы іс-шараға  атсалысып, көкшетаулық өнерлі жастар Ы.Алтынсариннің өлеңдерін оқып, ән шырқады. Ы.Алтынсаринды зертеуші, белгілі ақын-жазушы  Серікбай Оспанов және Қазақстан Жазушылар одағының Ақмола облыстық филиалының директоры Алмас Темірбай «Кел, балалар, оқылық!» көрмесінің  салтанатты ашылу рәсімін өткізді. P1790869Ақмола облыстық «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықұлы, филология ғылымдарының кандидаттары,  Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетінің оқытушылары — Аманжол Есмағұлов және  Сәбит Нұрмағамбетов, "Нұр Отан" партиясының мүшесі, Ақмола облыстық Аналар Одағының төрайымы, зейнеткер ұстаз Зере Қиықова қатысып жылы лебіздерін білдірді.  Олар Ыбырай Алтынсарин мен Мәлік Ғабдуллин сынды тұлғалардың әрқашан аты ардақталатынын айтты. Келесі күні Көкшетау қалалық кітапханасында ыбырайтанушы, ақын-жазушы, ғалым Серікбай Оспановтың «Кеудемде бір күнім бар» атты әдеби кеші өтті. С.Оспанов 1997 жылдан бастап Ы.Алтынсарин жайында зерттеп, жүз отыздан астам мақала жариялап, Ыбырай туралы кітаптар шығарған. Оның «Сөнбес шырақ», «Ұлттың ұлы ұстазы», «Ыбырай айналасындағы адамдар» деген кітаптары көпшілікке танымал. Кездесу барысында ақын өзінің  жастық шағы мен өмірі жайында баяндап, шығармашылықтарына тоқтады. Өзінің өлеңдерін оқыды, ән салды.  Кеш соңында оның «Сағындым Алматымды», «Айлы түнде», «Тобыл ағады», «Дүбірлі дүние» өлеңдері айтылды.P1800068
Осы бағытпен  Солтүстік Қазақстан облысының «Абылай хан резиденциясы» кәсіпорны арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Қос тарап алтын қорда сақталған құнды жәдігерлерді Есіл-Сырымбет және Тобыл-Торғай өңірі жұртшылығына таныстырып, ел игілігіне ұсынуды міндеттеріне алды. Осы шарт аясында Ы.Алтынсаринға қатысты құнды жәдігерлер Петропавл қаласында да бір ай болады.
 
Шынар Досмағамбетова,
Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсариннің
мемориалдық музейінің қызметкері

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓