Балаларға базарлық

         Қостанай облыстық қуыршақ театры жаңа маусымды бірден екі қойылыммен ашты. Оның бірі – «Тушилыч өртінің тарихы». Бұл  – қуыршақ театрының және Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің шығармашылық жобасы. Қойылым бастауыш және орта мектептердің жас көрермендеріне арналған.
????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

        Қойылым күні Қостанай облысының №8 орта мектебінің бастауыш сынып оқушылары, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жаңа қойылымды тамашалауға келді. Алғаш құттықтау сөзі департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғаныс подполковнигі А. Орымбаевқа берілді. Ол балаларға жылы лебізін білдіріп, театр сахна төрінде қойылатын ертегі кейіпкерлерінің әңгімелері өте қызық әрі ғибратты болмағына сенім білдірді.
????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

         Қойылымның басты кейіпкері – Тушилыч. Ол балаларға бірнеше ертегі кейіпкерлері жайында әңгімеледі. Жалмауыз кемпір, өлімсіз Кощей, Горыныч  жыланы және  басқа да кейіпкерлер әртүрлі төтенше жағдайларға тап болады, себебі олар өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтамайды.
         Пьесаны жазу туралы ой жазушыға кездейсоқ келмеген. Өйткені соңғы 5 жылда біздің елде өрт 275 баланың өмірін алды, оның 70%-ы – 7 жасқа дейінгі балалар.  Көп жағдайларда өрт балалардың өртпен ойнауынан, мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың өртенгіш заттарға шорқақ қарауынан болады.
????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

         Қойылым интерактивті пішін түрінде ұсынылды. Залда қатысып отырған балалар көрермен болып қана қоймады. Олар қойылымдағы әрекеттеуші жақтардың сұрақтарына жауап берді, яғни сахнада жүріп жатқан оқиғалардың белсенді қатысушылары болды. Тушилыч өрті өрт қауіпсіздік ережелері туралы, балалардың тентектік ісі төтенше оқиғаларға әкеліп соғу қатері жайында әңгімеледі. Өрт жағдайлары жас көрермендердің дәл көз алдарында болды. Балалар өрт қауіпсіздігі туралы ойын және есте сақтау түрінде танып білді.DSC_0049
          Департамент театр аумағында құтқарушы және өрт сөндірушілерді қаруландыру үшін арналған техника және құрал-жабдықтар көрмесін ұйымдастырып өткізді.DSC_0004
          Жаңа қойылымды үлкендер де, кіші жастағы балалар да Қостанай облысының барлық қалалары мен аудандарында көре алатын болады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓