Парақор полицейлер сотталды

Қарабалық аудандық соты 50 мың теңге пара алған ІІБ 2 қызметкеріне қатысты істі қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.сот
Іс деректерінде көрсетілгендей, оқиға осы жылдың тамыз айында Қарабалық ауданында болған. Аудандық ІІБ екі полицейі мінген автопатруль Қарабалық ауылында қоғамдық тәртіпті тексеруге шығады.
«Автопатруль есірткіге масаң күйде болуы мүмкін деген күдікпен «Ваз-2110» автокөлігінің жүргізушісін тоқтатады. Екі полицей жүргізушіге медициналық куәландыру қажеттігін ескертеді. Әңгімелесу кезінде АІІБ қызметкерлері заңсыз ақша алу мақсатында 50 мың теңге талап етеді. Сол арқылы жүргізушіні медициналық куәландырудан өткізбей, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттаманы толтырмауға уәде берген», — делінген соттың баспасөз хабарламасында.
Бұл оқиғадан соң көлік жүргізушісі өз еркімен жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне полицейлерді жауапқа тарту үшін арыз жазады.
«Сот үкімімен аудандық ІІБ қызметкерлері кінәлі деп танылды. Олар 35 АЕК немесе 1 млн 750 мың теңге көлемінде айыппұл өтейді. Полицейлер мемлекеттік қызметтен өмір бойы шеттетілді», — деп түсіндіреді облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер. Сот ҚР ҚК 49-бабына сүйеніп, сотталушыларды шендерінен айырды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓