Жылу маусымына дайын

Қостанайда жыл маусымына дайындық басталды. Дегенмен, коммуналдық қызмет мамандарын тежеп тұрғаны – борышкерлердің көбеюі. Тұрғындардың жылуға қарызы бүгінге дейін 400 млн теңгеге жетті. Жылу энергетикалық компаниясы демеушілердің көмегімен құбырларды жөндеу жұмыстарын жалғастыруда. Биыл мекеме жанынан тағы екі қазандық іске қосылмақ.
IMG_8390.jpgпьрь
Қала орталығындағы жүргізілген қосқұбырлы желінің құны – 900 млн теңге. Компания бұл қаражатты өз қалтасынан шығарған, сондай-ақ, демеушілер қолдау көрсетті. Құбырлардың ұзындығы – 1,5 шақырым. Магистральді және квартал ішіндегі желілердің ағымдағы жөндеуі биыл екі есеге көбейді. Облыс орталығындағы мыңнан аса көпқабатты тұрғынүйді жылу энергетика орталығы мен екі қазандық жылытады. Дайындық тыңғылықты жүргізілді. Негізгі және қосалқы жабдықтардың бәрі жөндеуден өтті.
Ал компания жаңашыл есептегішті іске қосты. Ол күннің қуатымен жұмыс істейді. Құрылғының қуаты есеп жүргізіп, ақпаратты модем арқылы серверге жүктеуге еркін жетеді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓