Мазақ еткені ме, әлде?..

Газет редакциясына Сантай Қызбекенов есімді Озерный ауылының тұрғыны келді. Қарияның шағым айтып келуіне өзінің туған күні себеп болыпты. Дәлірек айтқанда, 10 тамыз күні Сантай ақсақал 90 жасқа толған. Торқалы жасқа толуына орай, қалалық ардагерлер кеңесі қарияға  3000 теңге сыйлапты.dav
— Қариясының 90 жылдығына 3 келі кеспенің бағасындай ақша беретін қазақ қайыршы ма? Әлде, қарияға күлгені ме? Осы уақытқа дейінгі еңбегіміздің осылай еленгеніне қапалымын. Менің мерейтойыма берген 3 мың теңге – шенеуніктің бір күнгі түскі асы. Бұлай емес деп ешкім айта алмайды! Ардагерлер кеңесінің төрағасы келіп, халімді сұрап, бір-екі ауыз жылы лебізін білдірсе, мерейім тасып, қуанып қалар едім ғой. Керісінше, әлгі 3 мың теңге «сыйлығын» бір зейнеткер кемпірден беріп жіберіпті, — деп кейіді қария.
Сантай Қызбекенов екінші дүниежүзілік соғысы кезінде Башқұртсанда жапон-неміс тұтқындарын күзеткен. 4 жыл әскери борышын өтеді. Соғыстан кейін зейнеткерлікке шыққанша одақ сатушысы қызметін атқарды.
— Ол кезде "одақ сатушылары" деген болатын. Үкімет ай сайын жалақы төледі. Мен қаладағы №15 дүкеннен зейнетке шықтым. Зейнетке шықты деген аты болмаса, рахатын көрген жоқпын. Өсіп келе жатқан жеткіншектерге жолбасшы болудың орнына, қоғамдағы өз орнымызды таба алмай келеміз. Былайша айтқанда, сыйымыз кетіп барады. Бір қарасаңыз, елдің байлығы ұшан-теңіз. Мақтану-марқаюға келгенде бізден озатын ел жоқ. Ал, мен сияқты кәрі-құртаңдардың жағдайын кім ойлайды? Астана мен Алматының қариялары қоғамдық көліктерде тегін жүреді деп естиміз. Ол тұрмақ, ай сайын ардагерлер ұйымының мүшелеріне ақша төлейді, — дейді Сантай Қызбекенұлы. – Біздің кезімізде арақ ішіп, көше кезгендер ғана ұрлық жасайтын. Қазір керісінше, ел басқарып, жылы орындықта отырған халықтың қалаулы азаматтары, басшы-қосшылары қазынаның ақшасын жеп жүр. Анау бір жылдары президенттен төсбелгі алған театрдың әртісі жыл толмай, мемлекеттің 70 млн теңгесін ұрлапты. Бұл не өзі? Ал ел үшін тер төккен мен қатарлы советтің солдаттарына 3 мың теңге сыйақы беру дегенді кім ойлап тапты? Мұны қай шенеунік түсіндіріп бере алады? Соны білгім келеді.davРасымен де, қария сөзінің жаны бар. Өсетін елдің қарты қазына, өспейтін елдің қарты қазымыр болады демеуші ме еді қазақ?! «Ардагерлер – алтын қазынамыз» деп аспандатқан бір бөлек те, тағдыр тауқыметін көп тартқандардың қолтығынан демеп, олардың әрқайсысына қоғамның бір мүшесі екендігін сезіндіру – басқа әңгіме. Әйткен күнде, тоқсанға толған ақсақал 3 мың теңгемен байып кетпейді. Бастысы, қарияға қамқорлықтың қанатты қағида екенін ұмытпасақ болғаны.
 
Қ.Боранбайұлы

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓