Әнші «ӘМІРЕ» туған өлкесінде концерт бермек

Биылғы «Славян базары» халықаралық байқауының бірінші орын иегері Ернар Садырбай туған өлкесі – Қостанайға келді. Жас әнші бүгін Қостанай қаласының күніне арналған мерекелік концертте өнер көрсететін болады. Жерлесіміз концерттің алдында бір күн бұрын жергілікті журналистермен кездесіп, сұқбаттасты.
Брифингке әншінің продюсері Жан Мұқанов, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов қатысты.
WhatsApp Image 2018-08-24 at 11.31.31
Біздің жерлесіміз, бауырымыз Ернардың қонаққа келіп жатқанына қуаныштымыз. Ол жай келіп жатқан жоқ. «Славян базары» байқауындағы жеңісімен, табысымен, қуанышымен бөлісуге келіп отыр. Халықаралық байқау аяқталған соң, әншінің продюсері Жан мырзамен хабарласып, осы кездесуді жоспарладық. Қала күніне арнайы сыйлық болсын деген ниет еді. Концертте Әміре халықпен, тыңдармандарымен жүздеседі. Жас әншіге облыс әкімінің атынан сый-сияпат, құрмет көрсетіледі. Ернардың табысы – біздің облысымыздың ғана емес, бүкіл Қазақстанның жеңісі,-деді Ерлан Қалмақов.
Қала күніне арналған концертте Ернар Садырбай 4-5 ән орындайды.  Ашық аспан астында өтетін іс-шараға әртүрлі аудитория жиналатыны белгілі. Сол себепті жас әнші эстрадалық жанрдағы көңілді әндерді шырқамақ. Егер халық сұрап жатса халық әндерін айтуға дайын.
— Бүгін үлкен концерт болады. Оны ойдағыдай, жоғары деңгейде өткіземіз деген ойдамын. Облыс әкімінің, жергілікті биліктің маған көңіл бөліп, өнерімді бағалап жатқанына дән ризамын. Туған жерінің өз перзентін іздегені қуантады. Сіздердің ыстық ықыластарыңызға көп рахмет,-деді Ернар Садырбай.
Жас әнші тыңдарманға «ӘМІРЕ» лақап атымен белгілі. Бұл атау қазақ даласында аты аңызға айналған әнші Әміре Қашаубаевтың құрметіне таңдалған екен. Ернар қазіргі продюсері Жан Мұқановпен кездейсоқ танысқан көрінеді.
-Мен «7 арна» директорлар кеңесінің мүшесімін. Аталмыш телеарнаның «Сәлем, ұлы дала!» төл жобасын іске асыруды қолға алған едік. Шоудың анонсына ролик түсіру кезінде жас артист іздедік. Мен ролик түсіруге әзірлік кезінде Ернарды кездейсоқ көріп қалдым. Сол сәтте «ӘМІРЕнің» мықты артист екенін ішім сезді. Біз «ӘМІРЕмен» жарты ай өзара сөйлесіп жүрдік те, одан кейін бірлесе жұмыс істеу қажеттігін түсіндім. Артынша «Славян базары-2018» байқауында бақ сынап көруге бел шеше кірістік. Ән жазып, концерттің костюмдерді дайныдадық. Байқаудың алғашқы күнінде біз фаворит саналдық. Қатысушылардың бәрі қазақ баласының мүмкіндігін жоғары бағалады. Біз репертуар таңдау, костюм, эстетика жағынан мықты болдық. Өйткені, біз байқауға барынша дайындалдық. Халықаралық байқауға дайындықсыз бару қиянатпен тең,-деді әншінің продюсері Жан Мұқанов.
«Славян базары-2018» байқауында Қазақстан мен Румыния конкурсанттары бірдей балл жинаған болатын. Алайда әділ қазылар алқасы бас жүлдені Румыния әншісіне беруді ұйғарды.Сөйтіп, Қазақстан – бірінші орынға жайғасты.
Қымбат ДОСЖАНОВА

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓