Былтырғы меже, биылғы жоспар қандай? 

Жаңа оқу жылының қарсаңында Қостанай қаласындағы педагогтардың жыл сайынғы тамыз кеңесі өтті. Ұстаздардың жиынында 2017-0218 оқы жылының нәтижесі сараланып, жаңа оқу маусымының жоспарлары пысықталды. DSC_0057
DSC_0059Мәжіліске Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов, қалалық білім бөлімінің басшысы Василий Цымбалюк және мектеп директорлары, ұстаздар, білім беру ұйымдардың басшылары қатысты. 
Былтырғы жылдың нәтижелерін қорытындылаған шаһар басшысы Б.Жақыпов қаладағы білім беру саласының дамуына жақсы бағасын берді. Мемлекеттік және жекеменшік әріптестіктің арқасында қала бойынша 42 жекеменшік балабақша ашылыпты. Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл ҰБТ нәтижесінің орташа көрсеткіші жоғарылай түскен. Яғни, қостанайлық түлектердің жоғары оқу орындарына түсуге деген ынта-жігерлерінің артқанын аңғару қиын емес. DSC_0077-ҰБТ-да жыл сайын жоғары балл жинап, тұрақты түрде жақсы көрсеткіштерге жетіп жүрген білім ошақтарына алғыс айтамын. Олар: С.Мәуленов және М.Горкий атындағы гимназиялар мен физика-математикалық лицей ұжымы. Өзге мектептер осы аталған білім ошақтарына қарап бой түзейді деген сенім бар. Озық ойлы озат оқушыларды даярлауда біздің педагогтар лайықты еңбек етуде. Биылғы жылдың наурыз айында республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі аяқталған еді. Қостанай қаласының дарынды балалары 16 жүлделі орынға ие болды. Мұның өзі қостанайлық педаготардың жоғары кәсіби біліктіліктерін айғақтап тұрғандай,-деді Базыл Жақыпов.
Соңғы жылдары білім сапасын арттырумен қатар, жаңадан мектептер салуға ерекше көңіл бөлінуде. Үш жыл бұрын қаланың солтүстік-батыс бөлігінде мемлекеттік тілде білім беретін №15 мектеп салтанатты түрде ашылған болатын. Бүгінде «Әуежай» шағын ауданында 900 орынға шақталған мектептің құрылысы жалғасып жатыр. 280 орынға шақталған балабақша салу да жоспарлануда. «Юбилейный» шағын ауданында 1200 орынға арналған мектептің құрылысының жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп тұр. Биылғы жазда қалалық бюджет есебінен білім беру ұйымдарының 21 нысанына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Мектеп аулаларын абаттандыру жұмыстары әлі де жалғасуда. Мемлекеттік жекеменшік әріптестік арқылы №13 мектептің ауласына спорттық алаң салынған. Соңғы үш жылда мектептердегі компьютерлердің саны артып, цифрлық білім беру бағыты қарқын ала түсті. DSC_0091
DSC_0122
DSC_0101Аймақтағы білім саласының қарыштап қанат жаюына атымтай-жомарт жандар да үлес қосуда. Жергілікті меценаттар "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында қолдау білідіруді жөн көріпті. Атап айтқанда, «Вескор» және «Таза жол» ЖШС қолдауымен М.Горкий атындағы гимназия мен қалалық балалар шығармашылығы мектебіне екі цифрлық технологиялар кабинеті құрылған. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының шеңберінде С.Мәуленов атындағы гимназияда, №18, 17 мектептерде заманауи IT-сыныптар ашылды. Осындай жетістіктер жаңа оқу жылының табысты басталуына серпін бермек. Тамыз кеңесінде шаһар басшысымен қатар, қалалық білім бөлімінің басшысы В.Цымбалюк, ҚМПУ ректорының кеңесшісі Р.Бектұрғанова баяндама жасады. Сондай-ақ, педагогтардың еңбегін бағалап, ынталандыру мақсатында бірқатар мұғалімдер білім және ғылым министрілігінің және облыстық білім басқармасының грамоталарымен, ақшалай сыйақыларымен марапатталды. 
 
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Б.АХМЕТБЕКОВ.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓