Лисаковтағы қос мереке (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Лисаков шаһары қала күнімен қатар, "Тың-Целина — 2018" облыстық спартакиадасының ашылу рәсімін өткізді. Биыл бұл қаланың құрылғанына 47 жыл. Ал облыстағы басты спорт бәсекесі осымен 33 рет ұйымдастырылып отыр. Тұрғындар қос мерекені де кең көлемде атап өтті.69afc775-991c-4430-a9eb-fdb424764ef8c354cf55-3bdc-48c9-9456-6f70933f30aefa521af6-eee5-4a09-ba61-2544b4b94416Лисаков XXXIII облыстық спартакиаданы қабылдау үшін тыңғылықты дайындалған. Қала көшелері жаңарып, орталық стадионға күрделі жөндеу жұмыстары жасалған. Осынау спорт бәсекесіне облысқа қарасты барлық аудан мен қала спортшылары қатысады. Олар спорттың он түрінен бақ сынамақ. Жыл сайын спартакиадаға қатысушылардың саны артып келеді. Мәселен, өткен жылы 26 мың спортшы қатысса, биыл 27 500 адамға жеткен. Алғашқы құттықтау сөзін облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов алды.f33429bb-48c0-4531-8f40-a878803cdb48
4c86d68c-1fd9-46eb-9949-7d166aad2ea5-Спартакиаданың облыста кеңінен өткізілуі инфрақұрылымды жақсартуға себеп болды. Жігерлі жастардың құлшынысын көріп, біз оларға жағдай жасауға еңбек еттік. Мысалы, былтыр Қостанайдағы орталық стадионның сыймдылығын 5800 орыннан 10 000 орынға дейін жеткіздік. Сондай-ақ, УЕФА талаптарына сай келетін, 3000 адамға арналған футбол манеженінің құрылысы жүріп жатыр. Біз тұрған стадионда жаңа кейіпке енді. Дәл осындай нысандардың арқасында 2020 жылға дейін спортпен шұғылданатындардың саны тағы да 3000 адамға артады деген болжам бар. Облыстық спартакиада талай тәжірибелі спортшыға жол ашқан спорт бәсекесі,-деді Ғ.Торсанұлы.d9484b7c-ed33-43ef-b50e-d4e08ae4ef2c
Лисаковтағы стадионның жөндеу жұмыстары мен облыстық спартакиаданы өткізу үшін облыс бюджетінен 700 млн теңге қаржы бөлінген. Бұл игілікті жұмыстың жемісін балғын спортшылар көріп отыр. Жасанды футбол алаңы мен жеңіл атлетика жолағы барлық талапқа сай.
Жаңа стадионда дәстүрлі карнавал шеруі жүріп, жиналған жұртшылыққа ұмытылмас әсер сыйлады. Шеруді үрмелі аспаптар ансамблі бастап, қалалық мекемелер түрлі кейіпкерлерді сомдап шықты. cef9a202-6288-4d75-8de6-6f22be47aed6
Бұдан соң жергілікті өнерпаздар мен қазақ эстрадасының жұлдызы Қайрат Нұртас өнер көрсетті. Шара таңғажайып отшашумен тәмамдалды.965fe4cd-ab66-4a57-9475-c13f5db98b2c
56b75d45-dc14-410a-8d4f-32baebf86ee2
9a701104-af01-4566-9d1f-edf7dbc8982f
36cc5441-de8b-4f77-a7a6-0d65db262a07
 
8b640998-fda5-4f1b-aa5d-a02c224651c5
7ca4386c-5687-48f0-8c45-56330c922651
32b354b2-182b-4f76-9cee-cd3e086cb886
fd9d441e-e631-479c-9950-b2abe92050a1
 
a2e6a687-bb39-499b-ad1d-9222d95ea87c
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓