Науқанға тас-түйін әзір 

     Облыс диқандары күзгі жиын-терім жұмыстарына әзір. Бұл туралы өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен өткен алқалы кеңесте мәлім болды.IMG_6478
     Жиында алдағы егін орағына әзірлік барысы туралы ауқымды баяндама жасаған облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетовтың айтуынша, биылғы астықтың шығымы жаман емес. Орташа есеппен алғанда гектарына 12-13 центрерден айналуы ықтимал.
     Өңір диқандары егістікті әртараптандыруға ерекше ден қойып отыр. Мәселен, үстіміздегі жылы 4 млн 60 мың гектар алқапқа дән сіңірілсе, соның 430 мың гектары түрлі майлы дақылдардың еншісіне тиді.IMG_6443
       — Енді жерде өнген дәннің бір түйірін шашау шығармай жинап-теріп алу басты міндет саналады.  Сондықтан, жаз бойы облыс ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мүмкіндікті мүлт жібермеуге тырысты.  Цифрландыру аясында машина-трактор  алаңы жаңартылып, зиянкестермен күресте тың жүйелер қолданылды. Енді тамыз айының жиырмасына қарай диқандар егінге жаппай орақ салады, — деді Ғ.Нұрмұхамбетов.IMG_6440
      Науқандық жұмыстарға қажетті дизельдік отын жеткілікті. Техника сақадай сай. Егін орағына барлығы  жиырма мыңнан астам трактор мен мыңға жуық егістік кешендері жұмылдырылады.IMG_6454
     Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов дала жұмыстары кезінде астық, жанар-жағар май  ұрлығына жол бермеуді қатаң тапсырды. Бұған аудан басшылары мен құқық қорғау органдарының жетекшілері тікелей жауапты болмақ.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓