Астанадан Парижге дейін

«Астана — Париж» веломарафонының қатысушылары Қостанай қаласына атбасын тіреді.IMG_6354
20180807180351 Зағип және көзі нашар көретін әуесқой спортшылардың «Blind Race Astana — Paris» құрлықаралық веломарафоны Астана қаласынан басталды. Қатысушылар 5 мың шақырымнан астам қашықтықты жүріп өтіп, велоспорттың астанасы саналатын Парижге жетуі тиіс.IMG_6302
«Астана — Париж» велошеруінің капитаны Бақтияр Базарбековтің сөзінше, шараның мақсаты — велосипедті экологиялық таза көлік түрі ретінде дәріптеу, елдегі экотуризмді дамыту, қамкөңіл жандарға рухани көмек беру.IMG_6292
 
IMG_6301«Біздің команда 4 тандемнен тұрады. Әр велошабандоздың қасында бір ерікті жүреді. Күн сайын біз 200 шақырым қашықтықты бағындырамыз. Біздің команда бастапқыда 5 адамнан құралған еді. Міне, бұл жолы 16 әуесқой спортшы жолға шықтық. Жалпы, Парижге жетер жолда әлемнің 30 қаласын басып өтеміз», — деді Бақтияр Базарбеков.  IMG_6331
IMG_6367
IMG_6379Спорттық шара 2018 жылдың қыркүйек айының ортасында аяқталмақ. Енді спортшылар Қостанайдан өтіп, Ресей тасжолына түседі.
 
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓