Жасындай жарқ еткен жалын-ғұмыр

Ол небәрі 29 жасында өмірден озды. Қазақ ғылымының аспанынан құйрықты жұлдыздай жарқ етіп ағып түсті. Сол сәттің өзінде айналасына жарық нұрын, білім нұрын шашып үлгерді. Иә, ол осынау аз уақыттың ішінде қазақ-татар достығын нығайтып, XIX ғасыр ортасындағы һәм XX ғасыр басындағы қазақ зиялыларының қалыптасу кезеңін зерттеді. Қазақ ұлтының тарихына зор еңбек сіңіріп, өшпес із қалдырды. Бұл – біздің жерлесіміз, ғалым Батыржан Кенжетаев еді.hHbpGvIErUA
Бүгіндері оны жерлестері құрметтеп, үнемі еске алып отырады. Батыржан Әуезханұлының санаулы ғұмырындағы саналы істері бүгінгі жастарға үлгі. Оның туған жері Айсары ауылымен (бұрынғы Глазунов) іргелес жатқан Әулиекөл ауданына қарасты Новонежин елді мекенінде ғалымның өзі оқыған орта мектепке есімі берілген. Мұнда 400-ге жуық бала білім алады. Сондай-ақ, жыл сайын тоғызқұмалақтан Батыржан Кенжетаевты еске алуға арналған республикалық турнир өтіп тұрады. 16 жыл қатарынан үзілмей, дәстүрге айналған спорттық бәсеке келер жылы халықаралық деңгейде өтпек. Аталмыш доданың биылғы кезеңі де ойдағыдай өтті. Оған алыс-жақын облыстардан бас-аяғы 150 адам қатысты.EZ8oaRIPOxY
-Бастысы, артында еліне еткен еңбегі қалды. Жас болса да бас бола білді. Қазан университетінде оқып жүріп, сол жақатағы қазақ жастарының басын қосты. Сол білім ордасына қатысы бар қазақтар туралы деректер жинап, архивте қызмет етті. Жәңгір ханның хаттарын тапты. Рейхстагқа жеңіс туын тіккен Рахымжан Қошқарбаев жайында бірінші болып Қазан қаласындағы газеттердің біріне мақала жазды. Ол кезде мұндай шындықты айту – ерлікке пара-пар болатын. Одан елге оралып, жас ғалым диссертациясын қорғауға және Қазақстан Президенті әкімшілігі аппаратына қызметке қабылданып, жұмысын бастауға сәл қалғанда өмірден озды. Оның дүние салуының себебі әлі күнге дейін жұмбақ. Дегенмен, тәңір ісіне қарсы тұрар амал жоқ, өкінгенмен не пайда. Еткен еңбегін халқы бағалап, есімін мектепке берді. Қолдан келгенше жыл сайын жарыс ұйымдастырып отырамыз. Биыл БҚО, Павлодар, Ақтөбе облыстарынан спортшылар келді. Бір ерекшелігі, бұл жарысқа спорт  шеберлері де қатысады және жеңімпаздар Моңғолияда өтететін Азия чемпионатына аттанады,-дейді ғалымның ағасы Батырхан Кенжетаев.jQE_IOEyDPQ
Тоғызқұмалақ – адамның ойлау қабілетін арттыратын спорт түрі. Сондықтан ғалымның ізін жалғар жастар өсіп келе жатыр. Турнир қорытындысы бойынша, 2005 жылы туған және одан кіші спортшы ұлдар арасындағы 1-орынды Қостанай қаласынан келген Қуаныш Қаленов, 2-орынды қостанайлық спортшы Айдын Жанелов, 3-орынды Павлодар облысынан келген Арман Рамазанов иеленді. Осы жастағы қыздар арасында 1-орынды Батыс Қазақстан облысынан келген Қарақат Сәлімғали, 2-орынды Павлодар облысының спортшысы Аяна Темірболатова, ал жүлделі 3-орынды қостанайлық Талшын Мұхтарова жеңіп алды.X98fO9RfFq0
2008 жылы туған ұлдар арасында жеңіс тұғырынан қостанайлық спортшы Ерасыл Есім көрінді. Одан соң 2-орынды Павлодар облысынан келген Ислам Саттаров жеңіп алды, жүлделі 3-орын Мирас Жұбанғалиға бұйырды. Қыздар арасында 1-орын павлодарлық Сымбат Жүсіпбайдың, 2-орын Батыс Қазақстаннан келген Жайна Жұматайдың, 3-орын керекулік Аружан Манаттың еншісіне жазылды.wQQkuN4bAoQ
Ең қызықты бәсеке ересектер арасында өтті. Өйткені, ересектер арасындағы ақтық сында тек жергілікті спортшылар бақ сынасты. Бір-бірін жақсы танитын спортшылардың бәскесеі шиеленісе түсті. Бұл деңгейде 3-орын Арман Какашевтың қанжығасына байланды, 2-орынды Дархан Серікбаев жеңіп алса, 1-орынды Мұса Едігенов әкетті.
Ал әйелер арасында 1-орын қостанайлық Жансая Смайловаға бұйырды, 2-орынды да қостанайлық тоғызқұмалақшы Айым Мұхамбетқалиева жеңіп алды. Ал 3-орынды Батыс Қазақстан облысынан келген Айда Корина әкетті._xr_KgtfFWw
-Биыл бұл жарысты ғалым атындағы мектеп қабырғасында өткізуді жөн санадық. Сырттан келген қонақтар Батыржан Кенжетаевтың туған жерін, оқыған мектебін көрсін, оған арналған музейді араласын деген ниет болды. Дарынды жерлесіміздің атын шығарып, еңбегін көрсету – біздің парызымыз. Ал жалпы ауыл тұрмысы түзеліп келеді. Аудандық спартакиада, республикалық сайыстар өтіп тұрады,-дейді Новонежин ауылының әкімі Дастан Ысқақов.
Марапаттау сәтінен соң қатысушылар мен ұйымдастырушылар естелік суретке түсті. Бұдан соң ақын Тоғайбай Бабыр өмірден қыршын кеткен ғалымға арнап жазған өлеңін оқыды. Сөз құдыреті жиылған жұртқа әсер етпей қоймады. Көзіне жас алған жандарды байқадық.AIrH4sIJruM
 
AJtsLe22TtM-Ініміз қандай құрметке болса да лайық. Тірі болса, қазақ жұртына зор пайдасы тиер еді. Осыдан бірер жыл бұрын Татарстанның астанасына барып, сонда ғылыми конференциялар, кездесулер ұйымдастырдық. Сол жақтағы ағайын інімнің ғылымға сіңірген еңбегін жоғары бағалап, өзін құрметпен еске алады. Біз осы тоғызқұмалақ турнирін халықаралық деңгейде өткізуді қарастырып жатырмыз. Сондай-ақ, келешекте облыс орталығынан көше берілсе немесе осы Новонежин ауылының атын ғалым атына өзгертсе артық болмас деп ойлаймын, — дейді ғалымның ағасы Батырхан Кенжетаев. 
Кенже ҚОНЫСБАЙ,
Суреттерді түсірген автор.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓