«Әміре» жеңіске жетті

«Славян базары» әлемдік ән байқауында Қазақстанның намысын қорғап жатқан жас әнші, дарынды жерлесіміз Әмре Ернар Сәдірбаев бірінші орынға ие болды. 37190710_128420044742829_5936819025655889920_n
 
20180714094738Оның әп дегеннен қазылар көңілін баурап алуына Н.Тілендиевтің "Құстар" әнін орындауы себепкер болды. Одан кейін шырқаған орыс тіліндегі "Подберу музыку" әні және француз тіліндегі әуезді әуен де төрешілер ықыласына ие болды. Барлық айналымда жоғары балдар жинап, тізім басында келген Ернар финалда румындық Марчел Рошкамен бірдей ұпай жинады (156 балл). Алайда қазылар алқасының шешімімен Бас жүлде Марчелге берілді. Жерлесіміз 1-орын алды. 2-орын украиндықтарға бұйырып, 3-орынды Польша мен Беларусь елдері бөлісті.
Бұл – Қазақстанның соңғы үш жылда қайталап отырған жетістігі. 2015 жылы Димаш Құдайбергенов айды аспаннан шығарып, Гран при ұтып алған еді.
Айта кетейік, аталған фестивальде Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева мен әнші Димаш Құдайбергенов төрелік етті. 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓