«Тобыл» мен «Қайсар» тең түсті

«Тобыл» командасы Қазақстан Премьер-лигасының 18-турында 2:2 есебімен «Қайсар» командасымен тең ойнады, деп хабарлайды "Тобыл" ФК ресми сайты.тобыл
Азат Нұрғалиев алыстан шірене тартып есеп ашты. Оның соққысын “Қайсар” қақпашысы Александр Григоренко қайтара алмады. Мұның алдында, қостанайлық Фернандер Кассай “сары қағаз” алды. Есепті теңестіруге Матиас Курьор мүмкіндік бұйырғанымен, оның добы қақпадан биік кетті. Айта кетейік, Максим Федин өзінің үйреншікті шебі  – оң жақ жартылай қорғаушы қапталында ойнап жатыр. “Тобыл” есепті еселер ме еді?! Никитенко шәкірттер екі бірдей қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Алдымен, Жарынбетов пен Нұрғалиев пас алмасып, Максим Фединді іске қосты. Максим тепкен допты Григоренко қайтарып жіберді. Келесіде Джаба Канкава айып алаңына пас асырды. Бұл жолы да Федин! Оның баспен ұрған соққысы Григоренконың қолынан табылды.тоболГоооооллл! Тағы да Азат! Канкава мен Квеквескири бастаған шабуылды Самат Жарынбетов жалғады. Оның пасынан соң Азат Нұрғалиев осы ойындағы екінші голын соқты! Соңғы минуттарда ойыншылар жиі тәртіп бұзуда. Сондай сәттерді бірінде бас төреші Ф.Атажанов Азат Нұрғалиевті алаңнан қуды. 10 ойыншымен қалған қостанайлықтар қорғанысқа көшті. Алайда, Қызылорда футболшылары есеп айырмасын қысқарта білді. Ф.Джа Джедже гол соқты. Одан әрі “Қайсар” тіпті таразы басын теңестірді. Асхат Тағыберген он бір метрліктен қателеспеді.тоблОсылайша, “Қайсар”-“Тобыл” кездесуі 2:2 есебімен тең аяқталды…
Енді «Тобылдың» 33, ал «Қайсардың» 20 ұпайы бар. 
 
Суреттер "Тобыл" ФК ресми сайтынан алынды

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓