Мәжілісмен аймақты аралап жүр

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Артур Платонов Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді. Халық қалаулысы 9-15 шілде аралығында біздің өңірде болып, ауыл шаруашылығы, экономика, бюджеттік салалардың және кәсіподақ ұйымдарының еңбек ұжымдарымен кездеспек. Бір аптаның ішінде жиырмаға жуық басқосу өткізу жоспарланып отыр. IMG_2384Депутат ең алдымен «Нұр Отан» партиясы ҚОФ-ның белсенділерімен жүздесті. Іс-шарада мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы талқыланды. IMG_2413— Қазіргі күні әлемде күрделі жағдай туындап жатыр. Әр ел өздерінің ұстанымдарын, ұлттық құндылықтарын сақтап қалуға асығуда. Бүгінгі заманның кейпі де өзгеруде. Кейбір құндылықтар артта қалып, ұмытылып жатса, енді кейбіреуі алға шығуда. Әлемдік сын-қатерлерге қарсы тұру үшін біздің еліміз өз алдына үлкен міндеттер қоя білді. Сондай маңызды міндетер «Президенттің бес әлеуметтік бастамасында» толығырақ айтылған,-деді Артур Платонов.IMG_2402
 
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓