Мерзімнен кешігуге не себеп?

Қостанай қаласындағы Тәуелсіздік көшесінің жөндеу жұмыстары жаз шығысымен басталған еді. Оның белгіленген мерзімнен кешеуілдеу себебі қалалық әкімдікте болған жиында айтылды.жол
Жұмыс процесін созбаққа салып жатқан жылу беретіндер болып шықты. Олардың шаруасын жеделдету негізгі мердігер үшін де мүмкін болмай отыр.
Былайша, жұмыстар үзіліссіз, жақсы қарқынмен жүріп жатыр. Тәуелсіздік көшесінің Баймағамбетов көшесінен басталатын учаскесінде барлық жерасты коммуникациялары төселген. Тек әлі уақытқа дейін асфальт төселген жоқ. Негізгі мердігердің сөзінше, бұған айыпты – жылу берушілер. Олар осы кезге дейін Дулатов көшесінің филармония алдындағы учаскесінде жұмысты өндірте алмауда.
"Асфальт төсеу үшін, құрығанда астыңғы қабатын құю үшін Дулатов көшесіне дейінгі учаске даяр болғаны керек. Бірақ ҚЖЭК шамалы жайбасарлық танытуда. Олардың қолын байлап отырған – қажетті жабдықтардың жеткізілмеуі", — дейді "Вакх строй" ЖШС директоры Валентин Шиляев.
Қажетті жабдықтардың уақытылы әкелінбеуіне мердігер компания араласа алмайды. Өйткені жылу желілерін төсеу көшені қалыпқа келтіру жобасына енбейді.
"Олардың жобасы бөлек жүргізіліп жатқандықтан, олардың мәселелеріне жол төсеушілер араласа алмай отыр. Жылу желілерін орнатушылардың біресе құбырлары, біресе жабыны жоқ, "компенсатор болмай жатыр" дегенді айтады тағы бірде. ҚЖЭК-тегілер маған 4 шілдеде Дулатов көшесін толық аяқтаймыз деп уәде берген болатын. Бірақ әлі осы учаскеде әуреленуде. Сондықтан, ТҮКШ бөлімінен осыны бақылауға алуды сұраймын", — деді қала әкімі Базыл Жақыпов.
Қала басшысы Баймағамбетов көшесінен Алтынсарин көшесі аралығындағы учаске жұмысын 18 шілдеге дейін аяқтауды тапсырды. Өйткені Әл-Фараби даңғылындағы көлік қозғалысын жауып, қала орталығын жөндеу жұмыстарын жалғастыру қажет.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓