Жетінші жеңіс (БЕЙНЕ)

Қазақстанның ауыр салмақтағы боксшысы Иван Дычко чемпион титулына үміткер болған 42 жастағы америкалық Моррис Харристі нокаутпен жеңді. дычкоАҚШ-тың Флорида штатындағы Seminole Hard Rock Hotel and Casino аренасында өткен бұл жекпе-жек тағы да ұзаққа созылмады. Жерлесіміз америкалықты 1-раундта сұлатып салды. Әуелі қарсыласын ринг жағалата тықсырып, сериялы соққылар жасап, оны білгенінен жаңылдыра бастады. Ізінше, Дычконың қапталдап ұрған соққысынан Харрис есін жия алмады. Рефери төбелесті тоқтатуға мәжбүр болды.   
 

Осылайша, Ваня кәсіпқой бокстағы жетінші жеңісіне қол жеткізді. 
Айта кетейік, ол бұған дейін болашақтағы жоспарларымен бөліскен еді. Рейтинг басында тұрған ауыр салмақтың үздіктері – Энтони Джошуа, Деонтей Уайлдерлермен кездесуді қалайтынын айтты. Әлем назар тігетін мұндай ауқымды жекпе-жекке куә болар күн алыс емес үміттенеміз.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓