Астана күнін қостанайлықтар қалай тойлайды?

Қостанай қаласында Астана күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар тізбегі 2 шілдеден бастап жалғасын тауып жатыр. Дүбірлі думан осы айдың 8-не дейін жоспарланған.астана куни
Ертең, яғни 5 шілдеде төмендегідей шаралар өтеді:
— "Бест Костанай" ЖШС-нің диірмен кешені іске қосылады;
— Әуежай шағын ауданында қостанайлықтарға пәтер кілттері табысталады;
— "Мирас" МҮ-де сағат 11.00-де "Астана – менің жүрегім" музыкалық викторнасы өтеді;
— Шахмат клубында сағат 11.00-де шахматтан қалалық турнир ұйымдастырылады;
— Қалалық мәдениет және демалыс саябағында сағат 14.00-де Астананың қостанайлық құрдастарының "Достық пен мейірім астанасы" концерті өтеді.
 
6 шілдеде:
— Заречный кентіндегі "Арғымақ атшабарында ат спортынан ашық чемпионат өтіп, Қостанай облысы әкімнің сыйлығы сарапқа салынады; Басталу уақыты – 10.00;
— Қостанай қаласында 10.00-де тоғызқұмалақ пен теннистен қалалық турнирлер өтеді;
— ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы саябағында сағат 11.00-де "Qolo'ner" этноауылы қонақтарын күтеді. Онда "Qolo'ner" шеберлері көрме жайып, "Қалалар" спорттық ойындары, балалар шоу-бағдарламасы өтеді;
— Нақ сол саябақта, сол уақытта "Астана – Еуразия жүрегі" мерекелік бағдарламасы басталып, "Астана күнделігі" байқауының жеңімпаздары марапатталады; Сағат 12.00-де скейттен қалалық чемпионат өтеді;
— "Жастар" бульварында сағат 18.00-де қалалық балалар шығармашылығы мектебі ұжымының "Астана – менің Отанымның жүрегі" концерті;
— Қостанай-2 ауданында "Астана – әсем қала" мерекелік концерті;
— Қостанай қаласы орталығында сағат 19.00-де Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармония ұжымының концерті өтеді;
— ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы саябағында сағат 19.00-де Ашық аспан астында Астана туралы фильмдер  көрсетіледі;
              -Сол саябақта сағат 20.00-де "Астана – армандар қаласы" мерекелік бағдарламасы басталады:
              -Новосібір қаласынан келген "Шапито" цирк бағдарламасы;
              -қазақ эстрадасының жұлдыздары – "Досмұқасан" тобы мен Ерке Есмахан өнер көрсетеді;
              -іс-шара пиротехникалық шоумен аяқталады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓