Болашақ полицейлер 

Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында жыл сайынғы дәстүрге сай бітіруші түлектердің салтанатты іс-шарасы өтті. Мерекелік жиында түлектерге дипломдар табысталып, офицерлік атақтар қоса берілді. 01_01_1Салтанатты шараға ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы, полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Укин, Қазақстанның Еңбек Ері Алмат Тұрсынов, Қостанай облысы бойынша ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал майоры Бекет Аймағамбетов, Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет полковнигі Нұрболат Мусин қатысты. Академияның озат түлектер аталған азаматтардың қолдарынан дипломдар алу құрметіне ие болды. Диплом тапсыру рәсімінен соң академияның бастығы М.Қызылов ҚР ІІМ министрінің құттықтауын оқыды. Құттықтау мәтінінде «Құрметті түлектер, сіздер де жақын арада ІІоргандары қызметкерлерінің қатарына қосылатын боласыздар. Дипломдарыңыз әрқайсыңызға білікті маман атанып, кәсіби мансапқа қол жеткізу халықтың құрметі мен ықыласына бөлену мүмкіндігіне жақындата түседі. Бұл көп жылдық табанды еңбекпен келетін, заңдылық пен адамгершілік қағидаларын бұлжытпай сақтағанда ғана мүмкін болады. Сіздерге терең білімге қоса, ішкі істер органдары қызметкерлерінің алдына қойылатын жоғары ұйымдастырушылық, моральдық қасиет қажет ететін күрдел іде жауапты міндеттер орындау сеніп тапсырылады» делінген. 
Марапаттау рәсіміне қатысқан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Укин мінберде сөз сөйлеп, түлектерді құттықтады.
-Құрметті түлектер, сіздер академияның қабырғасында оқуларыңызды оқып, білімдеріңізді жетілдіріп, үлкен өмірге жолдама алып тұрсыздар. Қазіргі уақытта біздің еліміздің алдында үлкен міндеттер тұр. Соның бірі – жоғары дамыған 30 елдің қатарына кіру. Алдымызға қойған осы ұлы міндетке сіздер өздеріңіздің еңбектеріңізбен атсалысуларыңыз керек. Сіздерде білім бар, бірақ әлі тәжірибе жоқ. Тәжірибе деген жұмыс кезінде адамның бойына жинақталады,-деді К.Укин.
Бұл іс-шара Қазақстан полициясы күні мен Елордамыз Астананың 20 жылдығы мерекелері қарсаңында ұйымдастырылғанын айта кетейік 
Қымбат ДОСЖАНОВА,
Суретті түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓