Қостанайдағы Ораза айт мерекесі

Қалың жұртшылыққа алдын ала хабарлағандықтан және жерлестеріміздің Ислам дініне деген ерекше бетбұрысынан да  болар, облыстық мешітке таңертеңнен бастап жамағат көп жиналды.IMG_2689
Айт намазында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек қажы Тәжімбет Ораза айттың ерекшелігі жөнінде жан-жақты айтты. Сондай-ақ, аруақтарға бағышталып Құран оқылды. Содан кейін жиналған қауымға мешіттің алдындағы арнайы дайындалған орында айттың құрметіне дастархан жайылды.
Сонымен қатар, алдағы бұқаралық ақпарат қызметкерлері күніне байланысты бірқатар журналиске сый-сияпат көрсетті.
Көпшілік қауымға есімдері өңірге танымал өнерпаздар домбырамен терме орындап, күмбірлете күй шертті. Бұл басқосуды журналист әрі талантты әнші Қыдырбек Қиысхан жүргізді. IMG_2693
 
IMG_2678Көпшілік атынан абыз ақсақал Мырзағали қажы Ғабдуллин өкіл имамға және биылғы Оразаның жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан және бір ай бойы ауызашарды ұйымдастырған ағайындарға шынайы алғысын білдірді.IMG_2681
Сондай-ақ, 93 жастағы Сейтжан ақсақал мен өмірдің талай асуларынан өткен ақ жаулықты Күлімжан ана ақ батасын берді.IMG_2695
Шара соңында «Зекет» қоры атынан 30 отбасына азық-түлік салынған таратылды.
 
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓