Кәсіпкерлер неге алаңдаулы?

Алтынсарин ауданындағы «Обаған-құс» ЖШС директоры Сам Малышев асылтұқымды мал  өсіретін нысанның құрылысына 800 млн теңге салған. Алайда, жақында ол жер теліміне қатысты келісім-шартты бұзу туралы нұсқау алды. Бұл кәсіпкердің бизнесін өрістетуге едәуір кедергі келтіріп отыр.
Жалғыз С.Малышев ғана емес, аудандағы  он төрт кәсіпкер де әлгіндей жағдайға тап болған.  Мәселеге тереңірек үңілу үшін облыс кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі кеңес Силантьевка ауылында жүрмелі отырыс өткізді. 
-Жер қатынастары жүйесіндегі заңнамаға сай әкімдік талаптарын орындау үшін проукратура органдары тексеру жұмыстарын жүргізгені анықталды.  Тексеру қорытындысы бойынша, елдімекендер аумағынан құрылысқа арналған жер телімдерін аукцион өткізуінсіз беру заңға қайшы екендігі көрсетілген. Осыған байланысты жергілікті жер қатынастары бөлімі бизнес субьектілеріне жер беру туралы келісім-шартты бұзу шаралары қолданылып жатыр. Алтынсарин ауданында 15, ал Қостанайда осындай 63 дерек тіркелген,-дейді облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орыньасары Самат Сәдуақасов.
Өңірлік кәсіпкерлер палатасының ұстанымы мынадай: аукциондар –жер телімдерін ұсынуға қатысты шаралардың бірі ғана. Ол міндетті емес. ҚР Жер туралы кодекстің 48-бабындағы 4-бөліміне сәйкес  жергілікті атқарушы органдар жер телімін сата алады. Олар өз кезегінде ҚР Жер кодексінің 44-бабында көрсетілгендей,  қайсысын аукционға қоюға, қайсысын беруді өздері шешеді. Ендеше, екі жақты келісім-шартты бұзуға еш негіз жоқ.
         Бірақ, заң қадағалаушы орган тарапынан нұсқау жібергелі кәсіпкерлер кәдімгідей алаңдаушылық білдіріп отыр.
         -О баста құрылыс салуға заңды түрде рұқсат алдық,-дейді «Агролидер и К» ЖШС-нің заңгері Фарида Башпаева, — Барлық рәсімінен өттік. Біз ірі мал шаруашылығы жобасын қол алған едік. Жүздеген миллион қаржы жұмсап, ауылда жаңа жұмыс орындарын аштық. Енді келіп, жерді қайтарыңдар деп отыр. Негізі, жер телімдері заңнамаға сәйкес берілген.
        «Обаған-құс» ЖШС инженерлік-коммуникациялық жұмыстардың өзіне 160 млн теңгедей ақша жұмсапты. Бұл қондырғыларды  есептемегендегі сома. Оның үстіне кәсіпкер асылтұқымды малға инвестиция салуға ниетті голландиялық және ресейлік компаниялармен келіссөздер жүргізіп қойған.
         -ЖШС төлеген салықтың арқасында ауылдың бетіне қан жүгірді. Сондықтан, облыс әкіміне, облыс прокурорына өтініш айту керек. Егер бұл мәселені қазір шешпесе, мұндай жағдайлар ертең бас аудандарда туындауы  әбден мүмкін, — дейді мемлекеттік қызмет және коррупцияға қарсы әрекет істері жөніндегі агенттіктің облыс бойынша департаментінің директоры Асхат Іскендіров.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓