Жаз жаңбырмен басталады

31 мамырдан 2 маусымға дейін Қазақстанның көптеген бөлігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және қатты жел тұрады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК мамандары.жаңбыр
«Қазақстанда жиі жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Суық ауа райы сақталады. Мұндай күн райы тропосферада қалыптасқан солтүстік-батыс ауа ағындарына байланысты болып отыр. Соның әсерінен солтүстік теңіздердің жағалауында орналасқан аудандардан суық және ылғалды ауа ағындары келеді», — делінген хабарламада.
Алдағы үш тәулікте республиканың көптеген облыстарында найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады және қатты жел тұрады. Ауа температурасы нормадан 1-3 градус төмен, ал орталық және шығыс облыстарда түнде үсік жүруі ықтимал.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓