WhatsApp-тың «ақсақ» тұсы

WhatsApp мессенджерінде бұғатталған қолданушылардың оларды "қара тізімге" енгізгендердің профильін көріп, хабарлама жіберуге мүмкіндік беретін ақау анықталды, — деп жазады Hi-Tech. вацапБасылымның мәліметінше, қолданушылардың бірі Twitter желісінде: "Неліктен мен әлі күнге дейін бұғаттаған адамнан хабарлама алып жатырмын?" — деп шағымданған. Кейінірек тағы бірнеше адам осы жағдайды растаған. Сондай-ақ, бұл қателіктің iOS пен Android-та бар екені анықталды. Тиісінше, бағларлама жасаушылар проблеманы шешуге уәде берді.
Мамандардың айтуынша, бұғатталған қолданушыны "қара тізімнен" шығарып, оны қайтадан бұғаттау керек.  Осыған дейін WhatsApp мессенджерінде өзгерістердің пайда болғаны хабарланған еді.
Айта кетейік, WhatsApp мессенджерін 1,5 миллиард, Telegram-ды 200 миллион адам қолданады. 
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓