Қасиетті Рамазан айына арналған жиын

Арқалық қалалық мешіт қызметкерлері және қалаға қарасты ауылдық мешіт-намазхана имам-молдалары қасиетті Рамазан айына байланысты бас қосты.
Жиында «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Б.Уәлиев қасиетті дінімізді өз өңірімізде кеңінен насихаттау, имамдар мен барша дін қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру жайлы кеңінен тоқталды.20180514_150042Сондай-ақ, Рамазан айында атқарылатын нақты қызмет жоспарларымен таныстырып, жиналғандардың пікірін тыңдады.
Күн тәртібінде Рамазан айындағы жүзеге асырылатын игілікті істер тағы да пысықталып, тарауық намазының үзбей оқылуы, үстіміздегі жылы Ораза кезіндегі ҚМДБ тарапынан бекітілген пітір садақа мөлшері мен кесте жайлы да жан-жақты айтылды.
Осы аталғандармен қатар, басқосуда мешіт жамағаты арасында жүргізілетін уағыз-насихат, діни сауат ашу курстары жұмыстарын жүйелеп бір ретке келтіру, жамағатты молынан қамту, жат ағымның алдын алу, мешіт қызметкерлері және жамағат арасында тығыз байланыс орнату да әңгіме арқауына айналды.IMG-20180517-WA0138
Рамазан-киелі де аса маңызды ай. Сондықтан, діни қызметкерлерден мешітке келушілерді ілтипатпен қарсы алу, тарауық намаздарынан кейінгі тегін автобустарды ұйымдастыру, жалпы тазалық мәселелері сияқты жайлар да кеңінен қозғалды.
Дәл осындай мазмұндағы жиын Аманкелді аудандық «Сатыбалды ишан» мешітінде де өтті. Онда мешіттің бас имамы Жандарбек Әмірхамзин Ораза кезіндегі жүзеге асырылатын шараларға тоқталды.
 
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓