Комитет кубогына кім лайық? (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің аумақтық бөлімшелері арасында волейболдан және шағын футболдан республикалық іріктеу турнирі өтті. Доп додаларында комитет төрағасының кубогы сарапқа салынады.IMG_1516
Облыстағы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің ұйытқысымен Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының және Астана қаласының командалары, сондай-ақ "Транзит" құрамасы Қостанайда жолықты. IMG_1519Спорттық шараның ашылуында айтылғандай, бұл жарыстарды өткізудегі негізгі мақсат – ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайынлағы дамудың жаңа мүміндіктері" атты биылғы халыққа Жолдауындағы "Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт" тапсырмасының 7 бағытын іске асыру. Жастар арасында "Өзіңнен баста" ұранымен салауатты өмір салтын насихат ету әрі бұл шараны медицина қызметкерлері күніне арнау көзделген.IMG_1542
 
IMG_1547
IMG_1576Сонымен, ақ халаттарын уақытша спорт жейдесіне ауыстырған, ылғи жас маманнан жасақталған волейболшылар №10 мектептің спорт залында сынға түсті. Ал шағын футболдан шеберлік сынасуға келгендер №16 мектептің ауласындағы алаңда бәсекелесті. IMG_1566
 
IMG_1615
IMG_1630Ә дегеннен-ақ ақмолалықтар және "Транзит" командасы айырықша көзге түсті. Кәсіпқойларға бергісіз өнер көрсетті десе де жарасады. Айла аңдысқандар арасында астаналықтар да алғырлық танытты. Қарсылас аймағына олар діттеген доп дөп түсіп жатты. Бір "әттеңі" – жерлес команданың шымырлық таныта алмауы. Әуелі Солтүстік Қазақстан облысына есе жіберіп, кейін елордалықтардан ойсырай ұтылды… IMG_1513
IMG_1620
IMG_1535
IMG_1536
IMG_1563
IMG_1633Ойындар әлі жалғасып жатыр. Жеңімпаздар туралы ақпаратты газеттен оқи аласыздар. 
 
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев 

Читайте также:

комментария 2

  1. Анар:

    Не Транзит, а Транспорт надо было написать …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓