42 жылдан кейін жарыққа шыққан ән (ҮНТАСПА)

Бір қызығы, сол туындылардың арасында 1976 жылы шығарған «Қостанай» әні де бар. Бұл әннің ол заманда жарқ етіп жария болмауының себебі де жоқ емес. Шығарма арасында Ыбырай бабамызбен қатар, атақты механизатор, Социалистік Еңбек Ері Кәмшат Дөненбаеваның да есімі аталады. Әрине, тірі адамның аты аталғасын, ән де кең тарай қоймаған болу керек деген ойдамыз.
Бәкір Тәжібаевтың домбырамен сүйемелдеп орындаған «Қостанай» әнін арада 42 жыл өткеннен кейін назарыңызға ұсынбақпыз, қадірлі оқырман!