Орман өрті көбейген

Қостанай облысында орман өрті көбейді. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде өткен брифингте айтылды.
Облыстық ТЖД бастығының орынбасары Азамат Орынбаевтың айтуынша, Қостанай облысы мемлекеттік орман қоры аумағында 17 орман өрті тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 70%-ке көп. Өрт шарпыған алқап 8118,31 гектарды қамтиды.
«Ағымдағы жылы 1304 гектар дала алқабы өртенді. Ол 859,6 га аумаққа тең. Табиғи өрттердің негізгі себептері адам факторларынан болып отыр. Әсіресе, шабындық пен сабан, тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстардың бақылаусыз жануы көбірек кездеседі. Жаз мезгілінде елді мекендерде, бау-бақшаларда өртке қарсы тәртіп пен қосымша шаралар қабылдануы керек. От жағу, қалдықтарды өртеу арнайы орындарда адамдардың бақылауымен 50 метрден кем емес арақашықтықта жүзеге асырылады», — деді департамент қызметкері.
Қазіргі кезде өрт сөндірушілер орман қызметкерлеріне орман алқаптарында ескерту рейдтерін өткізуге көмектеседі. Туристерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылады. Қазірдің өзінде заң бұзғандарға 4 әкімшілік хаттама толтырды.
Айта кетейік, жеке тұлғалар үшін ормандарда от жағып, мангалда көмір тұтатқандарға 5-тен 10 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.  

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓