Атақты агроном В.Сидорова – 80 жаста

IMG_5089цв1Социалистік Еңбек Ері, екі Ленин орденінің, үш Еңбек Қызыл Ту орденінің және бірнеше медальдардың иегері Вера Сидорова – 80 жаста.
Атақты агрономды Қостанай жерінде облыс әкімі Н.Садуақасов кең пейілмен қарсы алып, құшағын гүлге, көңілін ақ тілекке толтырды. Мерейтой иесін Елбасының өзі құттықтап, жеделхат жіберген. Облыс әкімдігіне жиналғандар өткенді еске алып, мерейтой иесіне ыстық лебіздерін арнады. В.Сидорова БҰҰ-ның "Әлемнің әйгілі әйелдері" кітабына есімі енген қазақстандық жалғыз әйел. Еліміздің еңбек сіңірген агрономы ретінде де есімі көпке таныс.
Айтолқын
        АЙҚАДАМОВА
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓