Кіші олимпиада ойындары басталды

Қостанайда VII кіші олимпиада ойындары басталды. Жасөспірімдер арасындағы бәсекеге облыс аумағындағы аудан және қалалардан бас-аяғы 540 спортшы келген. DSC_5614
Спорттық сайыстың ашылу рәсімі «Орталық» стадионында өтті. Шеру жолағымен Алтынсарин, Аманкелді, Әулиекөл, Денисов, Жанкелдин, Жітіқара, Қамысты, Қарабалық, Қарасу, Қостанай, Меңдіқара, Науырзым, Сарыкөл, Таран, Ұзынкөл, Федоров аудандары мен Арқалық, Рудный, Лисаков, Қостанай қалаларының жасөспірімдерге арналған спорт мектептерінің балалары жүріп өтті.DSC_5707
-Бұл жарыстың мақсаты – болашақ олимпиада чемпиондарын дайындау. Спортшылар өздерін шын бәсекеде сынап көреді, жеңіске ұмтылады. Үлкен олимпиада ойындарына бастар жол осындай жарыстардан басталады. Жас спортшылар шыңдалып, мол тәжірбие жинайтынына сенімдімін. Бәсеке адал өту керек. Сондықтан, тек өз күштеріңе сеніңдер,-деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений Вильмяс.DSC_5619-813x500
Кіші олимпиада ойындарында тек гольф және ұлттық спорт түрлеріне баулитын, сонымен қатар қысқы спортқа баптайтын мектептер қатыспайды. Жас спортшылар үш күн бойы өзара мыөқтыны анықтайтын болады.
 
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓