«Тобыл» «Қайраттан» басым түсті (БЕЙНЕШОЛУ)

Қостанайлық клуб өз алаңында алматылық "Қайратты" ұтты. 

Бірінші таймда Бауыржан Тұрысбек алаң иелерін алға шығаратын сәтті пайдалана алмады. Ол он бір метрден қиыс тепті. Ойынның екінші 
бөлігі алматылықтардың жылдам шабуылдарымен басталды. Иво Илишевич пен Исаэль Барбоза "Тобыл" қақпашысын бірнеше рет ойынға араласуға мәжбүр етті. 
Кездесу соңына таман "Тобыл" сапына Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Таңат Нөсербаев пен грузиялық футболшы Ника Квеквескири қосылды. Тыңнан қосылған жігіттер ойын тағдырын шешті. 88-минутта Квеквескири сол қапталдан сытылып шығып, Нөсербаевты дәл паспен тапты. Соңғысы қателескен жоқ. Допты бос қақпаға сырғыта салды. 


Осылайша, Алматының "Қайраты" сырт алаңнан ұпайсыз қайтты. Ал қостанайлықтар өз алаңындағы кезекті жеңісіне қол жеткізді.

"Тобыл" ФК баспасөз қызметі

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓