Техника жаңартуды талап етеді

М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде  өткен «Қостанай облысы мысалындағы ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудың Қазақстандағы мазмұны» деген тақырыптағы жиналысқа «Ауыл» партиясының төрағасы, Парламент Сенатының депутаты Әли Бектаев, Сенат депутаты, Сенаттағы Аграрлық, табиғат пайдалану және селолық аумақтарды дамыту мәселелері жөніндегі комитет төрағасы Жеңіс Нұрғалиев, Инвестиция және даму министрлігінің Өндірістік даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Алмас Батанов, Ауыл шаруашылығы министрлігі ғылыми-технологиялық және техникалық саясат департаментінің директоры Азат Сұлтанов, Ауыл шаруашылығы министрлігі Егін шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу департаменті техникалық жабдықтау басқармасының басшысы Бақыт Ілиясов, Қостанайдағы «Агромашхолдинг» машина жасау зауыты директорлар кеңесінің төрағасы Дин Ким, облыстық әкімдік өкілдері – облыс әкімінің орынбасары Сергей Карплюк, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дархан Әбдікәрімов, облыстағы басқа да ауыл шаруашылығы техникасын өндіру кәсіпорындарының басшылары, ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлер қатысты.IMG_7963Мәжілісте «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев еліміздегі ауыл шаруашылығы техникаларының қазіргі жағдайына шолу жасады. Еліміздегі пайдаланып жүрген барлығы 152 629 трактордың 54 пайызына 17 жылдан асып кеткен, яғниз белгілеген пайдалану мерзімі аяқталған. Оның 20 пайызы пайдалануға жарамайды. 41 494 комбайнның 57 пайызының мерзімі 17 жылдан асып кеткен, 15 пайызы пайдалануға жарамасыз. Жем-шөп дайындайтын 66 мыңнан аса техниканың 65 пайызының да мерзімі жеткен, оның да 15 іске аспайды. Топырақ өңдейтін 381 мыңнан аса техниканың да пайдалану мерзімі өткені 53 пайызды құрайды, 22 пайызы істен шыққан. Ал Қостанай облысындағы қолда бар барлық 11 721 техниканың мерзімі 17 жылдан асып кеткен. 5 773 техника есептен шығарылса, 4373 техника пайдаланудан қалған.IMG_7724-Осыдан 20 жыл бұрынғы уақытпен салыстырғанда ауыл шаруашылығы көп ілгері басты, дамыды. Алайда ауыл шаруашылығын технкикамен қамтамасыз етуге келгенде атқарылар шаруа өте көп. Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсат болғандықтан, әлі-ақ ауылдарда өңдеу зауыттары салынады, автоматтандырылады. Алайда, ауыл шаруашлыығын түгел механизациялауды жақсартпай, цифрландыру ісі толыққанды мүкін болмайды,-дейді Әли Әбідукерімұлы.
Сенат депутаты ЖеңісНұрғалиевте ортаға ой айтып, ақыл-кеңесін айтты. Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі БақытІлиясов, Қазақстанның Еңбек Ері Сайран Бұқанов пен Борис Князев та мәжілісте сөз алды, ұсыныстарын білдірді. Жиналыста көтерілген мәселелер қорытылып, Үкіметке жеткізілетін болакесетедеды.
 
Ботакөз ІЛИЯСОВА,
ҚИнЭУ баспасөзбен байланыс бөлімінің маманы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓