Жол азабы: ауыл мұңын кім тыңдайды?

Қарабалық ауданының Октябрь ауылы тұрғындары қатынас жолынан теперіш көріп отыр. Құрғақ уәдеге тойған ауылдықтар ақыры аудандық "Айна" газетіне хат жолдады. Барлығы дерлік қол қойған бұл хатты аудан билігінің ресми өтініш ретінде қабылдағанын қалайды.жол азабы
"Біздің ауыл Славен елді мекенінен 18 шақырым жерде. Аудан орталығынан Славенге дейінгі тас жол сайрап жатыр, ал Славеннен Октябрьге дейінгі жолдың жағдайы ауызбен айтқысыз. Көктем мен күзде, жазғы жауын-шашында қатынас біржола тоқтайды. Тұрғындар ауыр жағдайға тап болып, сыртқы әлемнен байланыс үзеді…".
Бұл ауылда мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар көп. Қаншама зейнеткер күнелтіп жатыр. Не жедел жәрдем келе алмай, не ауылдықтардың аудандық ауруханаға аяғы жетпей қиналған кездері жиі болып тұрады. Ауылда медицина қызметкерлері жоқ. Ал жолдың "жол" аты ғана қалған. 
Жағдайды одан сайын қиындатып отырған тағы бір жайт бар: жолдың осы қалпына байланысты кәсіпкерлер ауылға нан мен азық-түлік жеткізуден бас тартады.
"Ауылда өз дүкеніміз жоқ, — деп жалғайды сөздерін тұрғындар. — Көрші ауылдан шығатын кез келген көлікке жармасып, азық-түлікті қап-қабымен әкелуге мәжбүрміз…".
Басқаша айтқанда, октябрьліктер 90-шы жылдардағыдай тіршілік етіп отыр. Әйтпегенде, бұл – аудандағы шалғай жатқан ауылдардың бірегейі ғана, сондықтан назарға ілігуі тиіс еді. Тұрғындардың шымбайына тиетіні де сол – бұл "сақалы шыққан" мәселеге аудан басшылығының мүлдем назар салғысы келмейтіндігі. Басқарушы органдардың алдында бұл түйткіл бірнеше мәрте көтерілген, алайда қыбыр еткен қозғалыс әлі күнге жоқ. Ауылдықтардың сұрайтыны да көп емес: асфальт жабыны болмаса да, Славен ауылына дейінгі араға грейдер төсеп, шұрық-тесікті жамап берсе… Бірақ тұрғындардың арыз-тілегі жергілікті биліктің құлағына қашан ілігері әзіргі беймәлім. 
 
"Айна" газетінен аударылды

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓