Ырыс табуға ынталы

Тұрғындар тығыз орналасқан аймақтан жұмыс күші аз өңірлерге азаматтарды көшіру жұмыстары бойынша биыл Қостанай облысына 1118 адам қоныс аударады. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов бастаған делегация Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында бос орындар жәрмеңкесін өткізді. Делегация құрамында облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев, облыс әкімі аппаратының басшысы Арман Әбенов, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлнар Әбеновалар бар. Қостанайлық делегация маңғыстаулықтарға бос жұмыс орындарын ұсынды. Мәселен, облысқа мұғалім, механизатор, дәрігер, көлік жүргізушілері сияқты мамандар жетіспейді. Айта кетейік, оңтүстік аймақтардан көшіп келушілер үшін Қостанай облысы 962 жұмыс орнын дайындап қойды. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов көшіп келушілерге барлық жағдайдың жасалатынын айтты. Тіпті, мемлекет көмегінен тыс, Қостанай ауданының Мичурин және Глазунов ауылдарындағы кәсіпкерлер тұрақты жұмыс пен үй ұсынып отыр.33342882-123d-4531-a3f5-1be1fe52b8e9
— Біздің облысымызда 1700-ден астам жұмыс бос орны бар. Соның 20% ауыл шаруашылығы, 17% құрылыс, 13%-дан астамы өнеркәсіп салаларына тиесілі. Сол себепті, біздің облысқа келіңіздер. Сіздерді шақыру үшін өзім делегацияны бастап келіп отырмын. Баспана мәселесінен қиындық тумайды. Мен Ақтөбе облысында жұмыс істедім. Батыс өңірлермен салыстырып қарағанда үйдің бағасы Қостанайда арзан. Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасына қатысып, кәсіп бастаймын десеңіздер, оны да қолдаймыз. Шағын несие беру көлемі де артады. Негізінен, ағымдағы жылы облыс бойынша нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларына 1 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылды, — деді Архимед Мұхамбетов.b8f9d2b8-eefc-45da-89fd-1436f9ab7740
Өз кезегінде маңғыстаулықтар да Қостанайдан тұрақты жұмыс табуға ынталы. Қазірдің өзінде  35 отбасы астықты аймаққа көшіп келуге ниетті. Жалпы, солтүстік аймақтарға көшу үшін отбасының әрбір мүшесіне мемлекет тарапынан 84175 теңге мөлшерінде қаржылай көмек беріледі. Бір жыл бойы үйді жалға алу және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін 72150 теңгеге дейін қаржы төленеді. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орнын ашып, қоныс аударушыларды  тұрақты жұмыспен қамтығандарға әрбір жұмыскер үшін 450 АЕК көлемінде субсидия қаралған.e6aa4c21-122a-4e5f-818d-5541d4d6036e
 
1bbab671-1fc9-4a72-bc99-4d65b25676412016 жылы Қостанайға басқа облыстардан – 19, 2017 жылы – 30 ғана отбасы қоныс аударған. 2018 жылы бұл көрсеткіш 10 есеге ұлғайды. Биыл Қостанай облысы 272 отбасын қабылдауға дайын. Оның ішінде 35 отбасы Қостанай қаласына қоныс аудармақ.
 
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓