Білім сапасы күн тәртібінен түспейді

Рудный индустриялық институтында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың төрағалығымен білім басқармасының кеңейтілген алқа отырысы өтті. Жиынға аудан-қалалардың әкімдері мен білім бөлімдерінің басшылары, ЖОО, колледждер мен мектеп директорлары, кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері, сондай-ақ ата-аналар комитеттерінің төрағалары қатысты. Күн тәртібіндегі басты сұрақ Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауына орай облыстың білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, тиісті шешімдер қабылдау.gofMCXynDF0
Алқа отырысының басты баяндамасын білім басқармасының басшысы Бәтима Даумова жасады. Оның сөзіне сенсек, 2017 жылдың қорытындысы бойынша білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көзделген 4 нысаналы индикатордың барлығы орындалған. Десе де толық күнді шағын орталықтардың, жеке балабақшалардың, 3 ауысымды және апатты жағдайдағы мектептердің үлесі бойынша көрсеткіш көңіл көншітпейді.Re6zwa8cqFQ
Бәтима Бексұлтанқызы көңіл аударған келесі сұрақ – облыстың бірыңғай ақпараттық кеңістігін құруда маңызды рөл атқаратын сандық білім беру ресурстарын пайдалану болды. Осы тұрғыдан алғанда облыс мектептері «Білімленд», «Күнделік» сияқты ақпараттық жүйелерді пайдалану көрсеткіші бойынша республикада екінші орында. Алтынсарин, Денисов, Наурызым, Ұзынкөл аудандарында ғана бұл бағыттағы жұмыстар әлсіз қолға алынған.
Баяндамашы өңір жұртшылығын алаңдатып жүрген оқушы-жастар арасындағы өз-өзіне қол жұмсау мәселесін де назардан тыс қалдырмады.
– Жасыратыны жоқ, жасөспірімдердің аутодеструктивті тәртібі бүгінгі күннің басты мәселесіне айналып отыр. Өйткені екі жыл ішінде облыстағы суицид көрсеткіші 42 пайызға (7-ден 10-ға) дейін артқан. Сондай-ақ, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеудің 33 фактісі тіркелген. Мәселен, соңғы екі айда екі жасөспірім өздеріне қол жұмсаған. Оның бірі Рудный қаласында, екіншісі Денисов ауданында тіркелді, – деді басқарма басшысы.
Осы мәселеге қатысты облыста бірнеше жиын өтіп, жұмыс тобы құрылған. Психологтар арнайы жоспар құрып, оқушылармен үнемі жұмыс істеп отырады.SPgONLytVFQ
– Жұмыс тобы қаңтар айынан бастап Қостанай, Рудный қалалары, Денисов, Қарабалық, Қостанай аудандарына барып, кездесулер ұйымдастырды. Олар жыл соңына дейін өңірді барлық қала-аудандарын араламақ. Топқа білікті психолог мамандар, тәжірибелі педагогтар алынды. Бұған қоса, облыста БҰҰ жанындағы балаларға көмек беру төтенше қоры бастама болған бағдарлама жүзеге асырылады. Аталған бағдарламаның тиімділігі Қазақстанның бірнеше облысындағы суицид көрсеткішінің төмендегенімен байланыстырылады, – деді Бәтима Даумова.
Көптеген білім бөлімдері мен мектеп директорларының жұмысы сыналған келесі мәселе – ҰБТ болды. Биыл облыс бойынша барлық мектеп түлектерінің 68,3 пайызы ҰБТ тапсыруды жоспарлап отыр. Бұл көрсеткіш
өткен жылғыдан 14,9 пайызға артық. Алайда Таран (40,7%), Меңдіқара (48,5%), Қарасу (50%), Ұзынкөл (50,5%), Денисов (51,6%) аудандарында кәсіби бағдар жұмысының әлсіздігінен көрсеткіш әлдеқайда төмен.
– Тестілеудің орташа балына келетін болсақ, қазіргі таңда сынақ нәтижелері 73 балды көрсетіп отыр. Бұл өткен жылдағыдан 8,9 балға төмен. Төмен нәтижелерді Ұзынкөл, Наурызым, Денисов, Алтынсарин аудандарының түлектері көрсетуде. Сондықтан осы бағыттағы жұмыстарды білім бөлімі мен мектеп басшылары, пән мұғалімдері мықтап қолға алу қажет, – деді басқарма басшысы.
Баяндамадан кейін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Ұлттық бірыңғай тестілеу – бұл тек мектептерде берілетін білім сапасының ғана емес, сондай-ақ жастардың патриоттық тәрбиесінің көрсеткіші екендігін атап өтті.
– Мектеп оқушыға 11 жыл бойы білім мен тәрбие беріп, оның үлгілі оқушыға айналуына барлық жағдайды жасады делік. Сын сағаты келгенде ол оқушы тестілеуге қатыспай, өз мектебі мен ауданының намысын қорғамаса бұл мектептегі тәрбие жұмысының әлсіздігі. Біз өз тарапымыздан барлық жағдайды жасап жатырмыз. Егер өткен жылы жергілікті бюджеттен ЖОО түсу үшін 41 грант бөлсек, биыл оның саның 200-ге жеткіздік. Сонымен қатар облыстың ЖОО мен колледждерінде 4,5 мыңға тарта студент жатақханаға зәру екендігін ескеріп, үш ЖОО (РИИ, ҚМУ, ҚМПУ) мен бес колледжің (Қостанайдың Автожол, политехникалық, ауыл шаруашылығы, медициналық колледждері мен Рудный құрырыс және көлік колледжі) базасында биылдан бастап жаңа жатақхана салуды көздеп отырмыз. Сол себепті, жастар мемлекеттік жасап жатқан қамқорлығын жете түсініп, туған жері мен аймағымыздың дамуына нақты ісімен үлес қосу қажет, – деді Архимед Бегежанұлы.
Алқа отырысының қорытындысы бойынша аймақ басшысы білім басқармасының басшысына нақты тапсырмалар жүктеп, сынақ тестілерінің төмен көрсеткіші үшін Алтынсарин, Денисов аудандының білім бөлімінің басшыларына «сөгіс» жариялады. Егер ҰБТ жақсы тапсырылса, әкімшілік жаза алып тасталынады.
Сөгісті суицид оқиғалары орын алған Денисов, Қостанай аудандары мен Рудный, Лисаковск. Қостанай қалаларындағы білім беру мекемелерінің басшылары да алды.
Сөз соңында Архимед Мұхамбетов білім сапасы күн тәртібінен түспейтіндігін айтып, сала өкілдеріне жиында айтылған ескертулер мен кемшіліктер түзетуді тапсырды
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓