45 ауыл дербес бюджетке көшті

Қостанай облысындағы тұрғындар саны 2000 мыңнан асатын 45 ауылдық округ дербес бюджетке көшті. Бұл туралы әкімдікте өткен кеңейтілген жиында облыс әкімінің орынбасары Ерлан Спанов мәлімдеді.IMG_6486Жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы – ел экономикасының одан әрі дамуындағы басым бағыттардың бірі. Бүгін осы мәселе облыс әкімдігінде өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары Ерлан Спанов айтқандай, қазіргі уақытта ауылдық округтер мен аудандар арасында қызмет ауқымын ажырату, бюджетті және коммуналдық меншікті қалыптастыру туралы мәселелері пысықталды.IMG_6548— Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап халық саны 2000 мыңнан асатын 45 әкімшілік-аумақтық бірлік дербес бюджетке көшірілді. Аталған ауылдық округтердің өз қаржысының болуы осы саладағы жұмыстарымыздың бірінші сатысы ғана екенін ескерткен жөн. 2020 жылдан бастап, облыстың тағы 200 елді мекені жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жаңа кезеңіне көшетін болады, — деді облыс әкімінің орынбасары.
Айта кетейік, жеке бюджетке ауыстырылған 45 ауылда 368  мемлекеттік қызметші бар. Сонымен қатар осы ауылдарда 9 бос орын толтырылмаған. Атап айтқанда, Қостанай ауданының Озерное ауылы әкімсіз отыр. Сондай-ақ, Ұзынкөл ауылында есепші жетіспесе, Федоров ауданының Пешков ауылдық округінде заңгер жоқ. Ерлан Спанов жергілікті өзін-өзі басқаруға көшу бойынша бастапқы кезеңнің аяқталуына қарамастан, бірқатар кемшіліктер бар екенін атап өтті.IMG_6559— Дербес бюджеттерді кедергісіз енгізуге ықпал ететін шаралар әлі де жалғасады. Бірінші кезекте, ауылдық округ аппараттарының кадрлық қамтамасыз етілуі, қызметкерлерді оқыту және қайта даярлау мәселелері күн тәртібіне қойылды. Мұнымен қоса ауылдық округтердің әкімдерін мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілетін жұмыстарды басты назарға алуға шақырамын. Бүгінгі дейін құны 98,3 мн теңге болатын 15 сатып алу конкурсы өткізілген жоқ. Мәселен, Арқалық қаласындағы Родина, Сарыкөл ауданындағы Сарыкөл, Қарасу ауданындағы Октябрь, Жанкелдин ауданындағы Торғай ауылдары әлі бірде-бір конкурс жарияламады, — деді Е.Спанов өз баяндамасында.IMG_6520Өз кезегінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қалалар мен аудандардың әкімдіктеріне дербес бюджетке көшкен ауылдардағы қаржы жүйелеріне және коммуналдық меншікті басқару жұмыстарына қолдау көрсетуі керектігін айтты.
 
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ,
Суретті түсірген Бердіболат Көркембаев.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓