Қара домбыра қолға алып…

Қостанайдағы "Мирас" МҮ-де облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен "Текті сөздің төресі – терме" атты облыстық терме байқауы өтті. Биылғымен екінші рет өтіп отырған дәстүрлі сайысқа аймақтың 16-35 жас аралығындағы өнерпаздары қатысты.IMG_3536
 
IMG_3546Бұл жолы ұлт өнерін насихаттауды көздейтін мәдени шараның арнасы кеңейгені байқалды. Өйткені, алғашқы сайыс Қостанай мемлекеттік педагогикалық колледжі ғимаратында әлдеқайда тар аяда өткен еді. Осы жылы қатысушылар саны да артық, жүлде қоры да қомақты,  көрермен қарасы да көп. Үміттерін үкілеп келген 15 өнерпаз ұлт болмысын, ел бірлігін, Астананың 20 жылдығын термелеріне арқау етті.IMG_3557
 
IMG_3605
IMG_3573
IMG_3614
IMG_3652
IMG_3544Ғұмар Ахметшин, Назымбек Молдахметов, Манапбек Қадыров, Роза Олжабаева, Қыдырбек Қиысхан сынды өңірге белгілі азаматтардан құрылған қазылар алқасы термешілерді әншілік шеберлігіне, таңдаған туындысының мазмұндылығына, сахна мәдениетін ұстауына қарап баға берді. Қуантқаны, ұдайы ел алдында жүрген дарындардан бөлек, жұртшылық көптеген жаңа есіммен танысты. Ешбірін алаламай, барлығына бірдей қиқулап қолпаш білдіріп отырды.IMG_3551
 
IMG_3588
IMG_3549
IMG_3578
IMG_3626Қортындысында, Қамысты ауданынан келген Әсем Қанышева "Өнегелі термеші", жанкелдиндік өнерпаз Байдос Қожасағиев "Тағылымды терме", алтынсариндік Серік Алпысов "Көрермен көзайымы" аталымы бойынша марапатталды. IMG_3685
IMG_3688
IMG_3660
IMG_3622Ал 3-орынды аманкелділік Фариза Жоламанова  мен Рудный қаласының үміті Айжан Шағаева бөлісті. Оларға 50 мың теңгеден қаржылай сыйлық ұсынылды. IMG_3699
IMG_37062-орынға Қостанай ауданының намысын қорғаған Жасұлан Мақатов лайық деп танылды. Ол 75 мың теңгемен қоржынын майлады. IMG_37091-орын – меңдіқаралық Қанат Ражановтың еншісінде. Жеңімпаз 100 мың теңгенің сертификатын қанжығасына байлады. Қатарынан қара үзіп шыққан Қанат енді облыс намысын республикалық байқауда қорғамақ.IMG_3712
 
IMG_3716
IMG_3717
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓