«Тобыл» жаңа құрамын жариялады

Команда құрамымен танысу рәсімі «Қостанай» спорт кешенінде өтті. Шараның алғашқы бөлімінде «Тобыл 2010» командасының балғын аяқ-допшылары жолдастық кездесу өткізді. Нәтижесінде белгілі футболшы Валерий Гаркуша дайындайтын ұжым Ермек Нұрғалиевтің футболшыларын 2:0 есебімен жеңді. RnQZEIcixk4

r3CYZFK4wNUСодан кейін «Тобыл» клубының осы маусымда ойнайтын футболшылары таныстырылды. Биыл команда құрамына едәуір өзгеріс енді. Алдымен бапкерлер штабы толықтай жаңарды. Білікті маман Владимир Никитенко «Тобылға» бірнеше жас ойыншыларды алдырды. Команда капитаны болып «Ордабасыдан» келген Азат Нұрғалиев бекітілді. Сондай-ақ, Джаба Канкава, Василий Кобин, Максим Федин сынды Еуропада ойнап келген футболшылар да «Тобыл» құрамын толықтырды.qSDiipHqzNw
0_UMXVOgWS8Олай болса, «Тобылдың» 2018 жылғы футбол маусымына арналған құрамы төмендегідей: 
Қақпашылар: Дмитро Непогодов, Вячеслав Котляр, Сұлтан Бусурманов 
Қорғаушылар: Кассай Фернандер, Василий Кобин, Виктор Дмитренко, Ванче Шиков, Дмитрий Мирошниченко, Сұлтан Әбілғазы, Григорий Сартаков, Тимур Жақыпов. 
Жартылай қорғаушылар: Нұрбол Жұмасқалиев, Артурас Жулпа, Джаба Канкава, Ника Квеквескири, Азат Нұрғалиев, Аслан Дарабаев, Самат Жарынбетов, 
Шабуылшылар: Жасұлан Молдақараев, Тұрысбек Бауыржан, Максим Федин 
Бас бапкер — Владимир Никитенко.
 
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓