Кәсіпкерліктің қағазбастылығы азаймақ

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан экономиканың барлық дерлік саласында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Кедейлік деңгейі 13 пайызға азайып, жұмыссыздық 5 пайызды құрады. Бұл туралы Рудный қалалық әкімдігінде өткен кездесу барысында Елбасы Жолдауын түсіндіру жөніндегі РАНТ мүшесі, ҚР Әділет вице-министрі Жанат Ешмағамбетов мәлімдеді. Жиынға жергілікті билік өкілдері, облыстық, қалалық Әділет Департаментінің қызметкерлері қатысты.
Жанат Болатұлы жиналғандарға «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы қалай жүзеге асатындығы жайында егжей-тегжейлі баяндап берді. Оның айтуынша, бағдарлама ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдаDSC_0015йындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының шеңберінде орындалмақ. Сондай-ақ, онда түрлі салаларға ақпараттық технологияны енгізу қадамдары қаралған. Бұл орайда, барлық мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
– Мысалға, бүгінгі күні кіші және орта бизнесті тіркеу үшін Әділет мекемесіне электронды хабарлама жіберіп, жұмысты бастауға болады. Мұндай шаралар халықаралық ұйымдар, оның ішінде Дүниежүзілік Банк тарапынан жоғары бағаға ие болды, – дейді вице-министр.
Осыларды есепке алғанда, 2017 жылы Doing Business рейтингінде әлемнің 190 мемлекетінің ішінде Қазақстан 36 орынға жайғасты.
– Әділет Министрілігі тарапынан бизнес жүргізуде әкімшілік кедергілерді азайтып, кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар атқарылуда. Мысалға, бүгінгі күні, кіші және орта бизнес субъектілерін рәсімдеген уақытта қосылған құн салығы бойынша есепке тұруға, банк шотын ашуға және қызметкерлерді сақтандыру келісім-шартын жасауға болады, – дейді ол.
Елбасы өз Жолдауында ел экономикасын дамытудың жаңа жолы ретінде оның барлық салаларына төртінші кәсіптік револиция элементтерін енгізу керек екендігін айтты. Осы орайда, негізгі он міндетті айқындалды. Көзделген меже орындалған жағдайда дамыған отыз елдің қатарына кіру мүмкін болмақ.
Айта кетейік, бүгінде Әділет органдары 46 түрлі қызмет көрсетеді. Оның 90 пайызға жуығы электронды форматқа көшкен. Сондай-ақ, азаматтардың хал-актілерін тіркеу бойынша мұрағаттағы 1937 жылдан бергі құжаттарды электронды түрде алуға болады.
Кездесуде Жанат Ешмағамбетов мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын өсіру, жемқорлықпен күрес мәселелеріне де тоқталып, ведомствоның тарапынан жаңа заң жобасын әзірленіп жатқандығын атап өтті.
– Әділет Министрлігі адвокаттық қызмет және заңды көмек туралы Заң жобасын әзірледі. Заң қабылданса, азаматтар білікті заңды көмек алған уақытта олардың құқықтары мен мүддесі барынша қорғалады. Сондай-ақ, табысы төмен тұлғалар үшін заңды көмек беру жүйесі жетілдірілуде, – деді ол.
Жиын соңында елордалық қонақ жергілікті активтің әділет саласына қатысты сұрақтарына жауап берді.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓