Іздеу салынады

Қостанай қаласында 35 жастағы ер адам жоғалып кетті. розыск
Жоғалып кеткен Ербол Кәкімовтің жұбайы Татьяна Миненко айтқандай, ол 15 ақпан күні ұлын мектепке апарған.
«Жолдасым қаладағы №4 мектеп маңында жоғалып кеткен. Баланы мектепке апарып, таяу маңдағы жұмысына баруы керек еді. Бірақ, оны әріптестері де көрмеген. Телефонын көтермейді. 15 ақпан күні кешке әлеуметтік желіге кіріпті. Менің жазғандарыма жауап берген жоқ. Арамызда ешқандай ұрыс-керіс болған емес», — дейді  Татьяна Миненко.
Ербол Кәкімов Қостанай онкологиялық диспансерінде реаниматолог, анестезиолог болып жұмыс істейді. Жоғалып кеткен күні үстінде қара куртка, көк джинс шалбар болған. Сондай-ақ, өзімен шағын қара сөмке алып жүреді.    

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓