Электронды қолтаңба берілді

Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтен бастап, барлық мемлекеттік қызметкерлер электронды сандық қолтаңбаларын алды. ЭСҚ — бұл кез келген азаматтың өз қолтаңбасының нақты көшірмесі. Электронды құжаттың заңды күшіне енуі үшін арналған және мөр басылған қағаз жүзіндегі құжатпен тең. IMG_9586№1 ХҚКО-ның мамандары әкімдік ғимаратына келіп, мұндағы қызметкерлерге ЭСҚ ашу және оны қолдану тәсілін көрсетті. Акция Елбасы айтқан цифрландыру аясында жүзеге асып отыр.
-Үкімт үйінің порталын жан-жақты дамыту үшін осы акцияны бастадық. Мемлекеттік қызметкерлеге тиімді болу үшін біздің мобильді ұжым осында келіп, жұмыс істеуде. Бұдан соң біз барлық басқармаларға барып, оларға да ЭСҚ ашуға көмектесеміз. Сондай-ақ, аудандардағы ХҚКО-ның бөлімшілері де бұл жұмысты қолға алмақ. Екі күн ішінде барлық қызметкерлерді қамтып үлгереміз,-дейді №1 ХҚКО-ның бөлім басшысы Мирас Рахметов.IMG_9563
Толығырақ газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.
 
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓