Жол жиегі мал қорымына айналған

Қарабалық ауданының Верен елді мекеніне баратын жолдың жиегіне әлдебіреулер үй жануарларының өлекселерін үйіп тастап кеткен. Мұндай шағыммен аталған ауылдың тұрғындары "Айна" аудандық газетінің редакциясына жүгініпті. олексеРедакция тілшілері бұл ақпарат бойынша белгіленген жерге барып, верендіктердің тас жол жиегін рұқсатсыз мал қорымына айналдырғанына көз жеткізіп қайтты.
"Иттер мен өзге де үй жануарларының өлекселері жыраларды жағалай тасталыпты. Қызығы сол – заңды түрде белгіленген қорым тас жолдың келесі бетінде таяу маңда екен. Ол "ит өлген жер" деп ерінетіндей қашық емес әрі оған апарар жол сайрап жатыр. Бірақ желкесі жар бермейтін ауыл тұрғындары өліктерді іргедегі шұңқырға қармен көме салуды әдетке айналдырып алса керек. Экология тәртібіне қайшы әрекетке барғандарды тауып алу, тиісті жазасын беру қиынға соғып тұр", — деп жазады "Айна" тілшісі.
Ал бейжай қалғысы келмеген ауыл тұрғындары: "Өкінішке қарай, жағдайды кімнің жөнге келтірері әлі белгісіз. Мәселе әлі "қар астында" жатыр. Оның қоршаған ортаға зардабы тиер күндер алыс емес: көктем туысымен өлексе шіріп, иістеніп, түрлі инфекцияның өршуіне себепші болуы әбден мүмкін!" — деп алаңдайды.  
Кейінірек газет тілшісі тиісті мекемелермен байланыс орнатыпты. Ветеринария бөлімінің басшысы Бақытбек Ермұхаметов бұл жайттан хабарсыз болғанын алға тартып, мәселені шешуді қолға алатынын айтқан.
"Инфекцияның тууы мен тарауын болдырмау үшін қолдан келген шараларды қабылдаймыз. Біздің бөлімнің қызметкерлері сіздер айтып отырған ауыл төңірегіне барлау жүргізіп, жол жиектерін жануарлардың өлекселерінен тазартатын болады", — деп уәде етіпті ол.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓