Бейімбеттің ескерткіші елеусіз қалды ма?

Қазақ зиялыларының ұлт үшін көрген қорлығы аз емес, ағайын. Бұны қайталап жатудың еш қажеті жоқ. "Рухани жаңғыру" деп, "Алаштың 100 жылдығы" деп, тағы да басқа ұрандармен ардақты азаматтарымыз жайлы айтып, жазып та жүрміз ғой. Бірақ, бәрінен бос сөз басым. Атқарылған іс аз. Оның айқын бір дәлелін өзім тұратын Қостанай қаласынан көрдім. SRGv8JdOVF8Алаштың ардақтысы, классик жазушы Бейімбет Майлиннің Қостанайдағы ескерткіші кісі шошырлық жағдайда, әбден тозығы жеткен. Еңселі ескерткіштің кірпішітері ажырағасын біреулердің "осы да жетер" дегендей, әр жерден әлем-жәлем қып балшықпен жамап қойғаны жанға батты. Қатты дауыл болса, кірпіштері берімен құлағалы тұр. Бір айтарым, бұл ескерткіш Қостанайдың қақпасында, темір жол вокзалының алдында орналасқан. Келген қонақтарды әуелі Би-ағаң "қарсы алады". cGnKhEJ6A-k
JD6uN3cvsWAҚайдан екені белгісіз, ескерткіштің бетіне, қолына жасыл түсті бояу аққан. Басындағы көгершіннің саңғырығы атамызды қор қылып тұр. Кейбір тұстарын суретке түсіру ыңғайсыз болды, дегенмен көзге көрінердей. Ескерткіш маңы да оңып тұрғаны шамалы. Абаттандырылмаған, қоқыс шашылып жатыр, алдындағы жол қисық-қисық. Орындықтары да сынған. Көше кезген қаңғыбастардың "демалатын", ішетін орнына айналған. Бұның бәрі қаланың кіреберісі екенін ұмытпайық. luM-U83pGl4
gxNhe96VRh0
AaMBGJtRDS0
Sek9u1d8f_c
O7DJ_MpxLhYТағы бір сорақысы, дәл осы ескерткіштегі тақтада қазақша қате жазылған. Бұдан асқан қорлық бар ма? AfSvXA5hwdM
YqeA7hbOhmQАл ескерткіш алдындағы жолдың арғы бетінде, яғни қарама-қарсыда Би-аға жолын жалғастырушы "Ақ жол" партиясы жарқырап тұр. Сонда ешкімнің жаны ашымағаны ма? Осы мәселе жоғары жаққа жетсе дейсің. Әйтпесе, Таран ауданын Би-ағаның атына берудің қажеті не, егер бір ескерткішінің өзіне ие бола алмасақ?..Xl15bEpAcLI
4seV4NKXIps
 
Кенже Қонысбай

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓