Лайықтыларды дәлелдеп жазыңыздар

Сіздердің газеттен маған  ұнайтыны –  "Елеусіз қалған  есімдер"  деген айдар. Онда өңіріміздегі ұмытылған  абзал адамдар туралы іздеп тауып халыққа таныстырылып жатыр.  Мына біздің қоғамның, өмірдің   бір әділетсіз қайшылығы бар. Көбіне адамгершілігі мен кісілігі зор, мінез-құлқы біртоға, өздері тым қарапайым адамдар елеу-сіз, ескерусіз қалады да, кейде жылт еткен  түймедей жақсылығын  түйедей етіп, қолдан әспеттеп, биліктің қолдап-қолпаштауымен дәріптелетіндер жиі кездеседі.  Осы орайда ел аузында Ақтайлақ би  айтты деген мынандай сөз бар:  "Көргенсіз өскен алкеуде, төрден орын алады. Сыпайы өскен абзал жан, босағада қалады", дегендей, адал еңбек еткен, жұмысқа шын берілген "босағада қалғаны" өтірік емес, жүздеген адамдарды көзім көріп, өзім білемін, мен білмеген қанша десеңізші!-депті күйіне.
Менің туған ауылымда  бар ғұмырын бала тәрбиесіне сарп еткен математика пәнінің мұғалімі болды.Балаларға есепті түсіндіргенде үсті-басы бор-бор болып, миына құйып бергенше тыным таппайтын.. Оның жалғыз-ақ кемшілігі: тым қарапайым әрі ақкөңіл еді.  Сол қарапайымдылығы мен ақкөңілдігі өзіне зиян болып шықты.  Бала біткен әрі әріптес-тері құдайдай сыйлағанмен,  мақтап-мадақтауға келгенде ылғи  елеп-ескерусіз қалатын. Талай жолбикелер жиын  мен дастархан төрінде, республика, облыс деңгейінде атақ-даңққа бөленіп жатқанда,  ол кісіге мектептің мақтау грамотасы зорға тиетін. Сөйтіп дү-ниеден өтті. Бүгінде оның шәкірттерінің аты жер жарады.  Бірақ-бірде-бірі ұстазыны еске алып келіп,тым болмаса моласының басына  келіп, құран оқытқан емес.
Сіздер жариялап жатқан Аймағанбет молда туралы аталарымнан мен де естігем. "Жарықтық, қолы ашық, жомарт , шын мұсылман еді" деп отыратын.  Іздеп көрдім, бірақ еш жерден ол кісі  туралы жазылған-сызылғанды оқыған емеспін.  Сірә,  әлі де санамызда кеңес заманынан қалған "молда"  деген сөзден тітіркену, өгейсіну қалған-ау. Өйткені, кеңес империясы молда атаулыны тұқымымен тұздай құртып, басқан ізін аңдып, өздерін халыққа жек-сұрын етіп көрсетуге тырыс-қан сұрқия саясатты ұстады. Соған қарамастан Аймағамбет халыққа  мұсылмандық , имандылық ісін жасап жүріпті. Ерлік қой!
Редакцияға да,оқырмандарға да өтініш: сіздер,  кімді жазсаңыздар да құр мақтап, мадақтап жаза бермей, шын мәнінде Аймағанбет сияқты  халыққа еңбегі сіңген  лайықты жандарды іздеп тауып,  дәлелдеп жазыңыздар.                                                                                                       
Серікхан Ермұқанов.
Қарасу ауданы.
 

Читайте также:

1 комментарий

  1. Тақырықа орай өмірден бір мысал. Баяндама немес арнау өлеңге келгенде аты шықпаса да талантымен танымал жуас бір мұғалім бар-тын. Оған кімдер келмеді десеңізші: бастықтар да, жігіт сұлтаны, қыз сыны, мерейтой, пәленнің алдына баартынлдар, баяндамашылар…Бір ақын атағы дардай ақынсымақ ылғи кісімсіп келәіп уақыт жоқ, жұмыс көп деп келіп ғажап  туындыларды, сөз асылын тегін алып кетіп жүрді. Өзі не жақсылық қылайын, ақшасын алсай деп те қоятын. Анау болса сіздей мықтыға тамшыдай көмегім болсын, алғысың да жеетді дейтін. Бір жолы тағы келді "әйдігің". Жұмыс көп, уақыт жоқ, құдалық бар, бала-аға мәселесінен әбден қажып кеттім.Жазды да берді жарықтық.Бір қарап шығып Ақынымыз "хм. жәрәйді"дей салды.Ақысын берейін деді қалтаға қол салып. -Мен қашан ақы үшін жазып едім деді соңғы кезде аурып-сырқап жүрген егде ұстаз.Бата берсең болды шырақ.-Бай болыңыз әрі талантты болңыз, бала-шаға…-Болды!Бір қолын көтеріп мезірет жасады. Рахмет саған алдыңнан жарылқасын.Сөзі де өзі де ірі сабаз миығынан күліп шығып кетті. Бота көздері шүңірейген, бір кездегі бұйра бурыл шашты, қыр мұрынды,қағілез, сұңғақ бойлы зейнеткер болғанына екі ай ғаан толған ұстаз шәкірттерімен кездесуге барғанында: Шындап тілегенде, әркім өзі үшін не құнды немесе өзінде не жоқ соны тілейді,-деп түйді. Әлгі заңғар ақында байлық та, талант та жоқ еді.Иә, жаман тұрмайды, бірақ рухани кедей еді.Ол олардың соңғы кездесуі еді. Үсті-басы мүнтаздай, жаны таза, ақыл-ойдың джариясы сол педагог жаны қиналмай ақ өліммен дүниеден өткен.Содан бері әлгі сабазымыздың стилі әр түрлі болып кетті: кейде әйел секілді жаны нәзік, кейде жылауық, кейде асау мінезді, кейде өзінің ұр да жық, кедей,өлермен өз стилі көрініп қалады.Иә, ел іші-кен іші. Осындайлар пайдаланып кету үшін де кен. Тек жұртты алдау мүмкін емес екен.  Мұны Ол да Олар да анық біледі. Біз бәріміз білеміз.Білмеген боламыз. Бізге бірақ бәрібір емес пе. Бастысы жел қайдан соқты, ненің лебі, ненің текпіні бәрі белгілі.Ал енді жақсының жақсылығын айтатын адамдар-ең бір саналы, арлы, рухы мықты, жақсы кісілер.Құрметке лайықтыларды құрметтеу парыз, ал пайдалы байланыс бір бөлек әңгіме деп ойлаймын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓