Кадрлар бәрін шешеді

     атамекенҚостанай кәсіпорындары «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы арқылы  кадр тапшылығын шешуді ұйғарып отыр. Яғни, олар Ұлттық палатаның кәсіпорын базаларында мамандарды оқыту орталығын құру ұсынысын тиімді пайдаланған.
       Мәселен, «СарыарқаАвтоПром» зауыты қысқа мерзімде кәсіби курста оқыған алғашқы 42 адамға сертификат тапсырды. Енді олар компанияда дәнекерлеуші, сырлаушы және механикалық құрастыру жұмыстарының слесары сияқты үш мамандық бойынша жұмысқа орналаса алады.
       «СарыарқаАвтоПром» ЖШС жұмысшылар құрамын жетілдіру және оқыту орталығының жетекшісі Людмила Олкинянның айтуынша, заманауи автоөндіріс ошағы білікті мамандарға зәру. Сондықтан, Ұлттық палатаның ұсынысын тиімді пайдаланып жатқнға ұқсайды.
        — Зауытта кадрлар  даярлау ісі алыс және жақын шетелдерден мамандар шақырту арқылы, кәсіпорын базасында жүзеге асып отыр.  Біздің компания ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауы арқасында 2017 жылдың қазан айынан бері кәсіби мамандарды даярлау және қайта оқыту жобасының алаңына айналды. Бұл мемлекеттік нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының арқасында мүмкін болғанын айта кетуіміз керек,-дейді Л.Олкинян.
         Облыстық кәсіпкерлер палатасының кадрларды даярлау ісіне әзірге Қостанайдағы екі кәсіпорын ғана жұмылдырылған. Ол «СарыарқаАвтоПром» ЖШС мен «Қостанай минералдары» АҚ. Соңғысы мамандарды тек өздері үшін ғана оқытпай, басқа да кәсіпорындардың тапсырысын қанағаттандырмақ.
          -Дәл осындай жекеменшік оқыту орталыөтары Лисаков пен Жітіқарада бар. Қазіргі таңда біз оларды Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы оқыту орталығының реестріне енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл кадрларды даярлау және қысқа мерзімді оқыту үшін үлкен мүмкіндік. Одан әрі облыстық комиссия кадрлар даярлау тапсырысын кімге беру қажеттігін қарастыратын болады. Ол үшін кәсіпорындардың мамандарға сұранысын анықталады. Содан соң арнайцы квота бөлініп,тиісті оқу орталығы таңдалады,-дейді облыстық кәсіпкерлер палатасы адам каптиталын дамыту бөлімінің бастығы Манарбек Казин. Мұндай курстарға арнайы білімі жоқ азаматтар да қабылданады. Үш айлық оқыту мерзімінде оларға шәкіртақы беріледі, ал алыс аудандардан келгендердің тұратын жері мен күнделікті жолақысы төленеді.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓