Иван КЛИМЕНКО, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: “Маңызды құжат міндеттерді айқындап берді”

КлименкоӨз басым Елбасы Жолдауының толық мәтінімен мұқият танысып шықтым. Президент төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер жайлы, яғни біз шешуге тиіс негізгі он міндетті нақты түсіндіріп берді.
Бүгіндері біздің әрқайсымыздың жұмыс орнымызда істейтін шаруамыздың бәрі де елдің ұлттық мүддесінен шығуы қажет. Кез-келген жоба,  технологиялар “Бұл біздің еліміз үшін жақсы ма?” деген сауалға жауап тұрғысында қаралуы керек. Әдеттегідей, Президент Жолдауында әлеуметтік саясатқа да үлкен назар аударылған.
Біздің көшбасшымыздың саясатының арқасында денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің жалақысы соңғы 2 жылда 28 %-ға өсті. Денсаулықты сақтауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру қысқармайды. Бұл денсаулық сақтауға жұмсалатын шығындардың адам капиталына құйылатын инвестиция ретінде қаралатынын тағы бір рет дәлелдейді.
Елбасы еліміздің қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуы екендігін атап көрсетті. Сондай-ақ, тиімділігі аз және мемлекет үшін шығыны көп диспансерлік ем қолданудан негізгі созылмалы ауруларға дистанциялық диагностиканы қолдану арқылы басқаруға, сол сияқты сырттай емдеу жолына көшкен жөн дегенді де алға тартты. Мұның сыртында онкологиялық аурулармен күресу үшін кешенді жоспарлар қабылдауды, ғылыми онологиялық орталық құруды да қадап тапсырды. Елбасы халықты алаңдатқан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне де кезең-кезеңмен көшу қажеттігін ескертті.
Осы шаралардың бәрін іске асыру үшін Президент «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің жаңа редакциясын әзірлеуді тапсырды. Міндеттер қойылды. Енді біздің алдымызда үлкен де жауапты жұмыстар тұр әрі Жолдауда айтылған тапсырмалардың орындалуы үшін бар күш-жігерімізді салатын боламыз.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓