Жалынды жеңімпаздар

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Ұзынкөл ауданы Пресногорьков ауылында мемлекеттік және әскери қызметшілер арасында шағын футболдан жарыс өтті. Оған жергілікті Пресногорьков, Петропавловол ауылдық округтерінің, Ақбалшық шекара бақылау бөлімшесі  және Ақбалшық шекара заставасының құрамалары қатысты. Пресногорьков ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Г.Бекетаева мен «Ақбалшық» шекара заставасының бастығы О.Сапарғалиев барлық қатысушыларды құттықтап, жеңіске деген сәттілік тіледі.IMG-20171218-WA0002
 
IMG-20171218-WA0001Жеңімпазды команданы анықтау оңайға соққан жоқ. Ұзақ тартысты ойындардан кейін Ақбалшық шекара застава құрамасы І орынды иеленді. ІІ орын Ақбалшық шекара бақылау бөлімшесінің, ІІІ орын Пресногорьков ауылдық округінің құрамасына бұйырды.  Ақбалшық шекара заставасының ефрейторы Н.Ізтілеуов «Үздік ойыншы» атанды.
 
Н.Керченов, 2031 әскери бөлімінің капитаны.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓